Қазақстан Республикасы

                                                                                                                                                                                   Парламенті Сенаты Бюросының

                                                                                                                                                                   2018 жылғы 13 қараша

                                                                                                                                                                         № 246-VI СБ қаулысымен

                                                                                                                                                                             бекітілді

 

 

 

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстандықтардың  әл-ауқатының өсуі:

 табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі

 Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының іс-шаралар жоспары

 

 

 

Іс-шаралардың атауы

Мерзімдері

 

Жауаптылар

 

I. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын заңнамалық қамтамасыз ету

 

1.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша:

 

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін                  1,5 есеге өсіру (42 500 теңге мөлшерінде);

 

 

- ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс шамасына байланыстыруды болдырмау;

 

 

- төмендегілерді көздейтін табиғи монополиялар мәселелері:

·          тариф белгілеу тетігінің ашықтығы және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға арналған тарифтердің негізсіз өсу мүмкіндігіне жол бермейтін құралдарды пайдалануы;

·          табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізу және бақылау жасау бойынша;

 

 

- экономикалық тергеу қызметін қайта ұйымдастыру;

 

 

- 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтың негізгі сомасын төлеу шартымен өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару бойынша салықтық амнистия жүргізу;

 

 

- салықтық құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын залалдың шекті мәнін, оларды жасағаны үшін айыппұлдарды ұлғайта отырып, 50 мың АЕК-ке дейін арттыру;

 

 

- орта білім беру ұйымдарының қолда бар спорт құрылыстарын жалдауға беруден түсетін қаражатты ұйымды дамытуға пайдалануы;

 

 

- мұғалім мен оқушыға жүктемені төмендету;

 

- коммуналдық қызметтерді тұтынушылардың қаражатын пайдалану тетігінің ашықтығын қамтамасыз етуді көздейтін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері;

 

 

- тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне сараптама жүргізу, сапасыз өнімдер мен оларды өндірушілердің тізбесін жариялау және т.б. бойынша мүмкіндіктерді кеңейтуді қоса алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық ұйымдардың әлеуетін институционалдық күшейту мен белсенді пайдалану бойынша шаралар қабылдау;

 

- экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік санкциялардың мөлшерін ұлғайту, экологиялық тексерулер жүргізу тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдерден түсетін қаражатты тиісті өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға байланысты мәселелерге бағыттау нормативін белгілеу;

 

- мемлекеттік қызметке жеке сектордан, оның ішінде үздік шетелдік компанияларда жұмыс тәжірибесі бар немесе әлемнің жетекші университеттерінде білім алған кәсіби мамандарды тарту тетігін енгізу;

 

- Жер пайдаланушыларды жер учаскелерін  ұтымды және тиімді пайдалануға ынталандыратын жүйелі шаралар қабылдау бойынша іске асыруға бағытталған заң жобаларын қарау және қабылдау

 

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитеттер,

Сенат Аппараты

2.

"Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Конституциялық заңға елдің негізгі қаржы платформасы ретінде орталықтың тез қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз етуге және оның юрисдикциясын инвестицияларды тарту мен қорғау үшін пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитет,

Сенат Аппараты

 

 

3.

«Педагогтің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитет,

Сенат Аппараты

 

4.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мақсатында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Сенатқа келіп түсуіне қарай

 

Бас комитет,

Сенат Аппараты

 

5.

Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруға бағытталған:

- сот жүктемесін төмендету бойынша шаралар қабылдау;

- сот жүйесі кадрларын сапалы дамыту және жаңарту;

- судьялардың тәуелсіздігі кепілдіктерін күшейту;

- судьяларға құқыққа қайшы ықпал етуді болдырмау;

- соттар жұмысының қазіргі форматтарын енгізу, артық сот рәсімдері мен шығындарды қысқарту;

- құқық қорғау қызметінде кадрларды іріктеу тәртібі мен мансаптық ілгерілетуді жетілдіру бойынша заң жобаларын қарау және қабылдау

 

Заң жобаларының әзірленуіне

(ЖҰЖ сәйкес),

Парламентке енгізілуіне және Сенатқа келіп түсуіне қарай

Бас комитет,

Сенат Аппараты

 

 

II. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылау

және насихаттауға бағытталған іс-шаралар

 

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылау және насихаттау мақсатында  Сенат депутаттарының өңірлерге шығуы

 

Тоқсан сайын

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

2.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін талқылауға және насихаттауға бағытталған Сенат депутаттарының мақалаларын, сұхбаттары мен басқа да материалдарын орталық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

Жеке Медиа-жоспар

бойынша

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

3.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін Сенат депутаттары жұмысына қатысатын парламентаралық және халықаралық ұйымдардың мінберлері арқылы насихаттау

Жыл ішінде

 

Сенат депутаттары, Сенат Аппараты

 

 

III. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауын  практикалық іске асыру жөніндегі мәселелерді зерделеуге бағытталған іс-шаралар

 

 

 

Парламенттік тыңдаулар:

 

 

 

1.

«Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін одан әрі жаңғырту» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

2018 жылғы

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

2.

 «Халықты әлеуметтік қорғауды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау

 

2019 жылғы

II тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

 

Үкімет сағаттары:

 

 

 

1.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы туралы» 2013 жылғы 30 мамырдағы  № 577 Жарлығын іске асыру мәселелері бойынша үкімет сағаты

 

 

2018 жылғы

IV тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

2.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында Еуразиялық экономикалық одақтағы Қазақстан Республикасының сауда саясатын іске асыру мәселелері туралы үкімет сағаты

 

2019 жылғы

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттер аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мәселелері бойынша 2018 жылғы 18 қыркүйекте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрімен болған кездесуде қабылданған ұсынымдарды орындау мәселесі туралы»  тақырыбына арналған үкімет сағаты

 

2019 жылғы

I тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

3.

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Халқына Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ елді мекендерде        100 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, спорттық инфрақұрылымды пайдаланудың тиімділігін арттыру және балаларға арналған спорттық кешендер мен ғимараттардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына арналған үкімет сағаты

 

2019 жылғы

II тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

4.

«Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында денсаулық сақтау саласындағы міндеттер туралы және 2018 жылғы             6 сәуірде «Үздік денсаулық сақтау ісі – дені сау ұлт» тақырыбында өткен парламенттік тыңдау ұсынымдарының іске асырылу қорытындылары туралы»  тақырыбына арналған үкімет сағаты

 

 

 

 

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

 

 

 

 

 

Комитеттердің көшпелі іс-шаралары:

 

 

 

1.

Комитет мүшелерінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы аясында Елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру мәселелері бойынша Түркістан облысына сапары

 

2019 жылғы

IІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

2.

Комитет мүшелерінің аграрлық ғылымның дамуы, мамандарды даярлау және Қазақстан Республикасының 2017 - 2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу мәселелері бойынша Алматы облысы мен Алматы қаласына сапары

 

2019 жылғы

IІ тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

3.

Комитет мүшелерінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру және шикізат емес өнімдер экспортын ілгерілету мақсатында отандық автомобиль жасауды дамыту мәселелері бойынша Қостанай қаласына сапары

 

2019 жылғы

IІІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

4.

Комитет мүшелерінің жер қойнауын пайдалану кезіндегі экологиялық ахуалды жақсарту, оның ішінде зиянды шығарындылар, топырақтың, жердің, ауаның жағдайы, қалдықтарды кәдеге жарату, сондай-ақ экологиялық мониторинг жүргізу мәселелері бойынша Атырау облысына сапары

 

 

2019 жылғы

IІІ тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

 

 

5.

Комитет мүшелерінің экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша сапары (Астана қаласы)

 

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

 

 

Дөңгелек үстелдер:

 

 

 

1.

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін кеңейту» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

2019 жылғы

I тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

2.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнаманы жетілдіру және "Астана" халықаралық қаржы орталығының жұмыс істеуі аясында Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығының жаңа мүмкіндіктері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

 

2019 жылғы

IІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

3.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыру шеңберінде ел экономикасын тиімді дамытуды қамтамасыз ету аясындағы көліктік-логистикалық қызметтердің келешегі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

 

2019 жылғы

IІ тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

4.

«Цифрландыру және оңтайландыру арқылы бюджет процесін басқарудың тиімділігін арттыру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2019   жылғы

ІІІ тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

 

5.

Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған тапсырмалар аясында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және орта білім беру мәселелері бойынша заңнамасын одан әрі жетілдіру» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті

 

 

Мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесулер:

 

 

 

1.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдар басшылығымен кездесу

 

2018 жылғы

IV тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

2.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен АӨК мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша кездесу

 

2018 жылғы

IV тоқсан

 

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитеті

 

3.

Сот жүйесінің сапалы дамуын және кадрларының жаңаруын қамтамасыз ету жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасымен кездесу

 

2019 жылғы

I тоқсан

 

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

4.

«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы аясында табиғи монополиялар субъектілерін реттеу, баға белгілеу тәртібі және инвестициялық міндеттемелерді мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігінің басшылығымен кездесу

 

2019 жылғы

I тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті

 

5.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының басшылығымен Орталық сотының қызметі мәселелері бойынша кездесу

 

2019 жылғы

IІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

6.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басшылығымен құқық қорғау қызметінде іріктеу, даярлау және мансаптық ілгерілету тәртібі саласындағы заңнаманы жетілдіру және «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» іске асыру мәселелері бойынша кездесу

 

 

2019 жылғы

IІІ тоқсан

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті

 

7.

Салықтық және кедендік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен кездесу

 

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Қаржы және бюджет комитеті

8.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның ратификациясын қатамасыз ету және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстан Республикасының тұрақты емес мүше ретінде атқарған жұмысын қорытындылау мәселелері бойынша Сыртқы істер министрлігінің басшылығымен депутаттардың кездесуі

 

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті

 

9.

 «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде қайта өңдеу салаларын дамыту («қарапайым заттардың экономикасы») және өңірлік нарықтарда қазақстандық тауарларды ілгерілету мәселелері бойынша мүдделі мемлекеттік органдардың басшылығымен кездесу

 

2019 жылғы

IV тоқсан

 

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті