Сәкен
Қаланұлы
Жамбыл облысынан сайланған.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі.
1976 жылы 11 желтоқсанда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Кіші қамқалы ауылында дүниеге келді, ұлты - қазақ, білімі жоғары.
1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті, Жерге орналастыру инженері, 2006 жылы М.Х.Дулати Университеті, Экономика бакалавры мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолы:
06.07.1998 - 13.09.1999 Жамбыл облыстық ғылыми-өндірістік жерге орналастыру орталығында инженер-жерге орналастырушы, Тараз қаласы.
15.09.1999 - 10.10.2003 Жамбыл облыстық жер инспекциясында бас маман, Тараз қаласы.
10.10.2003 - 18.10.2004 Жамбыл облысы әкімі аппаратының агроөнеркәсіп кешені және қоршаған ортаны қорғау бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы
18.10.2004 -22.01.2007 Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі, Тараз қаласы.
22.01.2007-21.11.2008 Жамбыл облысы әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары, Тараз қаласы.
21.11.2008 - 29.10.2009 Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының бастығы, Тараз қаласы.
29.10.2009 - 22.11.2011 Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы, Тараз қаласы.
22.11.2011 - 28.06.2013 Мойынқұм ауданының әкімі, Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы.
28.06.2013 - 28.11.2019 Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Тараз қаласы.
29.11.2019-17.02.2022 Жамбыл ауданының әкімі, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы.
17.02.2022-18.01.2023 Шу ауданының әкімі, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Төле би ауылы.
Марапаттары:
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.)
«Құрмет» ордені (2021 ж.)