Жақып
Қажманұлы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.
Жақып Қажманұлы Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1985 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Университеттен кейін Қызылорда облыстық адвокаттар коллегиясына тағылымдамашы болып қабылдан ды.
1986 жылдан 1993 жылға дейін Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет атқарып, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі және облыстық прокуратураның бөлім бастығы лауазымдарында жұмыс істеді.
1993 жылдан 1994 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы қадағалау басқармасының аға прокуроры, Жалпы қадағалау басқармасының бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
1994 жылдың қараша айынан 1996 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде консультант, сектор меңгерушісі болып жұмыс істеді.
1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Салық полициясы басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
1997 жылдан 2001 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасында Бас Прокурордың аға көмекшісі – басқарма бастығының орынбасары, кейін басқарманың бастығы, одан кейін Бас прокуратураның департамент бастығы қызметіне тағайындалды.
2001 жылғы ақпаннан 2002 жылғы ақпанға дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, ал 2002 жылдың ақпан айынан 2003 жылдың маусым айына дейін Павлодар облысының прокуроры болып қызмет атқарды.
2003 жылы Асанов Ж.Қ. Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі қызметіне тағайындалды.
2005 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің «Атамекен» Жалпыұлттық Одағының атқарушы директорының орынбасары, «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ның директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды.
2007 жылдан 2012 жылға дейін «Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің IV және V шақырылымдарының депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды.
2012 жылдың 6 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылғы 25 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры лауазымына тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 273-VI ПС қаулысымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қызметіне сайланды. Бес жылдық мерзімнің өтуіне орай және басқа қызметке ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 24 қаңтардағы Жарлығымен Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды. 2023 жылғы 26 қаңтардан Парламент Сенаты Төрағасының Орынбасары.
Сыныптық шен: 2-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі.
Ғылыми атақ: Заң ғылымдарының кандидаты.
Марапаттар: «Құрмет» ордені, «Парасат» ордені, II дәрежелі «Барыс» ордені, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдері, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының Құрметті қызметкері» омырау белгісі.
Отбасылы, үш баласы бар.