Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Өмірбаяны

Аққожина
Бибігүл
Бүркітқызы

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қостанай облысынан депутаты.

1971 жылы 20 қаңтарда Қостанай облысы Урицкий ауданы Қара-Оба кентінде дүниеге келген.

 Білімі – жоғары.  1997 жылы
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін, 2016 жылы Халықаралық бизнес университетін бітірген

Еңбек қызметін 1988 жылы - Қостанай қалалық ауруханасының санитарлық қызметкері болып бастаған.

1997 - 2000 ж.ж. – А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жалпы және арнайы психология кафедрасының оқытушысы.

2000 - 2002 ж.ж. «Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігі» ММ жетекші, бас маманы.

2002 - 2016 ж.ж.– «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ бөлім бастығы, басшысының орынбасары.

2016 - 2017 ж.ж. – Қостанай қаласы әкімінің орынбасары.

2017 - 2021 ж.ж. – облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы.

2021 - 2022 ж.ж. – «AMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

2022 - 2023 ж.ж. – «АMANAT» партиясының Қостанай облыстық филиалының төрағасы.

2023 жылғы желтоқсаннан бастап сегізінші шақырылымдағы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, тұрақты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеттің мүшесі. 

Үйленген, екі бала тәрбиелеуде.

Марапатталған:

2015 жыл – «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі

2019 жыл – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі

2019 жыл – алтын медаль – «Бірлік»

2020 жыл – «ҚР Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі

2020 жыл – «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі

2022 жыл – «Белсенді қызметі үшін» партиялық медалі.