Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Б.Бекназаров: Ел игілігі үшін еңбек етіңіздер

25.10.2019 0

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Сенат Аппаратында тағылымдамадан өтіп жатқан «Жастар кадрлық резерві» республикалық жобасының жеңімпаздарымен кездесті.

Сенат Аппараты 18 жылдан астам уақыт бойы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысып келеді. Сенатта жыл сайын 30-дан 60-қа дейін студент тәжірибеден өтеді.

Сенат Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров кездесуде жастар туралы айта келіп, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол ұлы ойшыл әл-Фарабидің «Кез-келген елдің болашағын көргің келсе, сол елде тұрып жатқан жастардың тыныс-тіршілігіне қара» деген сөзін еске сала отырып, жас ұрпақтың болашағына сенім білдірді және тілегін жеткізді. Б.Бекназаров сондай-ақ жас мамандардың педагогтардың мәртебесі, мемлекеттік тілді дамыту, білім беру, ұлттық құндылықтарды нығайту, Қазақстан полициясындағы реформа және тағы басқа мәселелер бойынша бірқатар сұрақтарына жауап берді.

«Отанымыздың гүлденуі мен әл-ауқаты Сіздердің қолдарыңызда. Ел игілігі үшін еңбек етіңіздер. Адам тағдырына әрдайым мұқият болыңыздар, өз елінің патриоты атаныңыздар. Баршаңызға игілік пен табыс тілеймін», - деді Б.Бекназаров.

Бөлісу