Әли
Әбдікәрімұлы
Туған жері: 1962 жылы 20 сәуірде Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар аулы.
Білімі, мамандығы:
1984 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын тамамдаған. Инженер-механик.
1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген (КИМЭП). Саясаттанушы.
Ғылыми дәрежесі:
Экономика ғылымдарының кандидаты (2000 жыл).
Еңбек жолы:
1984-1985 жылдары – Леңгір ауданы Сейфуллин атындағы колхоздың бас инженері;
1985-1987 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Сайрам аудандық комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары;
1987-1989 жылдары – Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;
1989-1990 жылдары – Сайрам ауданы Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы;
1990-1991 жылдары – Ташкент, Алматы жоғарғы партия мектептерінің және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының тыңдаушысы;
1991 жылы – Шымкент облыстық партия комитетінің кеңесшісі;
1991-1992 жылдары – «Қазығұрт ЛТД» ӨКФ бас директорының орынбасары;
1992-1994 жылдары – Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;
1994-1999 жылдары – ОҚО Жастар ісі, Туризм және спорт басқармасының басшысы;
1999 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы;
1999-2000 жылдары – Оңтүстік-Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы;
2000-2002 жылдары – Қазығұрт ауданының әкімі;
2002-2006 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2006-2008 жылдары –Түркістан қаласының әкімі;
2008-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутат болып сайланды;
2014-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі;
2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы.
2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясының төрағасы.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені (2011 ж.), «Парасат» ордені (2018 ж.)