Волков
Владимир
Васильевич
Владимир
Васильевич
Соңғы қызметі:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы.
Туған күні: 12.06.1955 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Қостанай қаласы
Отбасы жағдайы: Үйленген.
Әйелі: Волкова Валентина Акатаиевна.
Балалары: қызы Валентина - 1979 ж.т., ұлы Кирилл -1985 ж.т.
Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:
- 1979 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. Күндізгі бөлім. Заңгер;
- 1998 жылғы 25 сәуірдегі адвокаттық қызметтер көрсету құқығына мемлекеттік лицензия, № 0000015;
- 1999 ж. «АҚШ-тағы заңнама органдары қызметшілерінің қызметі» ЮСИА бағдарламасы бойынша оқыды. АҚШ. «Меридиан» халықаралық орталығы;
- 2002 ж. «Демократиялық қоғамдағы лидерлік» халықаралық курсы. Израиль. «MASHAV» халықаралық ынтымақтастық орталығы;
- 2005 ж. Потсдам Университетінің Саясат және менеджмент орталығында біліктілігін арттырды. Германия;
- 2009 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқыды;
Еңбек өтілі:
- Қазақ КСР Мемспортком инструкторы, жаттықтырушы – ҚР орталық спорт қоғамдастығының оқытушысы (1974-1982);
- Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің тағылымдамадан өтушісі, зерттеуші, ассистент, кешкі-сырттай оқыту бөлімі деканының орынбасары (1982-1990);
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аға референті, сектор меңгерушісі, Төраға Орынбасарының көмекшісі (1990-1993);
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (1993-1994);
- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің консультанты, ұйымдастыру-бақылау басқармасының мемлекеттік инспекторы (1994-1996);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі, ұйымдастыру-талдау бөлімінің меңгерушісі, әкімшілік бөлімнің меңгерушісі, сараптама бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ақпараттық-талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1996-01.2016);
- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты Басшысының орынбасары (01.2016-07.2017).
Сайланбалы қызметтері, депутаттық қызметі:
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі (1993-1994). 08.12.93 ж. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысы.
- Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (07.2017 ж. бастап). 13.07.2017 ж. ҚР Президентінің Жарлығы.
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы. Парламент Сенатының қаулысы. 2019ж.
- Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы. Парламент Сенатының қаулысы. 2020ж.
Халықаралық парламенттік ұйымдарға және Парламент Сенатының шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына қатысу:
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералды Жиналысының Федералдық Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның мүшесі;
- Халықтың қоныстануы және даму жөніндегі парламентшілердің Азиялық Форумының делегация мүшесі;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Беларусь Республикасы Ұлттық жиналысының Республика Кеңесі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның тең төрағасы
Комиссия жұмысына қатысу:
- Казақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесінің мүшесі;
- Казақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің мүшесі;
- Казақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі;
- Казақстан Республикасы Президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі.
- Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтарды иеленуі, атақтары, құрметті атақтары:
- «Құрмет» ордені. 2018 ж.;
- «Содружество» ордені. 2019 ж.;
- «Ерен еңбегі үшін» медалі. 2004ж.;
- «Астана» медалі. 1998ж.;
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі. 2005ж.;
- «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі.2006 ж.;
- «Астанаға 10 жыл» медалі. 2008 ж.;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі. 2011ж.;
- «ТМД ПАА 20 жыл» медалі. 2012 ж.;
- «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» медалі.2015 ж.;
- «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі.2016 ж.;
- «Астанаға 20 жыл» медалі. 2018 ж.;
- Медаль «ҰҚШҰ-да парламенттік ынтымақтастықты нығайтқаны үшін». 2019 ж.;
- «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» медалі. 2019ж.
- «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалі. 2020 ж;
- «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл». медалі. 2020 ж;
- ҚР Президентінің алғысы. 2004 ж.;
- ҰҚШҰ ПА Құрмет грамотасы. 2014 ж.;
- «ТМД ПАА 25 жыл» құрмет белгісі. 2017ж.;
- ТМД ПАА Құрмет грамотасы. 2018 ж.;
- Қазақстан Республикасының үздік мемлекеттік қызметшісі.2017 ж.;
- Петровск ғылым және өнер академиясының академигі. Ресей. Санкт-Петербург. 2019 ж.
- «Қазақстанның құрметті заңгері». 2020 ж.
- «Қостанай қаласының Құрметті азаматы» 2020 ж.
- Әділет подполковнигі.
- АҚШ-тың Техас штатының құрметті азаматы. 1974 ж.
Қосымша ақпарат:
- КСРО спорт шебері. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
- КСРО-ның құрама командасының мүшесі. Халықаралық және өңірлік жарыстардың жеңімпазы (1970-1983).
- Жеңіл атлетика бойынша Қазақстанның қолданыстағы рекордтардың иегері: 1000 метр - 2.17.2 (1981), эстафеталық жүгіру 4х800 -7.16.8 (1980).