Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Жұмағазиев
Мұхтар
Сабырұлы

Мұхтар Сабырұлы ЖҰМАҒАЗИЕВ

 

1956 жылғы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысы Исатай ауданы Қобыланды ауылында дүниеге келген.

1974 жылы Қобда ауданы Ново-Алексеевка ауылында орыс орта мектебін бітірген.

Жоғары білімді: Алматы малдәрігерлік институты, Алматы экономика және статистика институты.

1980-1985 ж.ж. - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Қобда» кеңшарында зоотехник-селекционер, бас зоотехник.

1985-1990 ж.ж. - «Ильич» ұжымшарының партком хатшысы.

1990-1994 ж.ж. - Қазақстан КП Қобда аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары.

1994-1996 ж.ж. -  «Серп и Молот» ұжымшары басқармасының төрағасы.

1996-1997 ж.ж. - Исатай аудынының әкімі.

1997-2006 ж.ж. ж.ж.  - Қобда ауданының әкімі.

2006-2007 ж.ж. - облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы.

2007-2010 ж.ж. - Қарғалы ауданының әкімі.

2010-2011 ж.ж.- Ойыл ауданының әкімі.

2011-2014 ж.ж. - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы.

2014-2017 ж.ж. – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

2017 жылғы 28 маусымда Ақтөбе облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ақтөбе облысының 2003 жылғы «Жыл адамы».

«Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Қобда және Қарғалы аудандарының құрметті азаматы.

Зайыбы Ләззат Әбдіқапарқызымен екі бала тәрбиелеп өсірді.