Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Еңсегенов
Сәрсенбай
Құрманұлы
1963 жылғы 26 наурызда туған

 

1963 жылғы 26 наурызда Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған. Білімі жоғары. Гурьев педагогикалық институтын тарих, қоғамтану және советтік заң пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша, Әл–Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Түркітілдес елдерініің Парламенттік Ассамблеясының мүшесі, «Қазақстан Республикасы – Беларусь Республикасы» Парламенттік ынтымақтастық комиссиясының мүшесі, «Солтүстік Еуропа, Балттық жағалауы, Украина және Молдова» ынтымақтастық жөніндегі өңірлік тобының мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының мемлекеттік құрылыс және жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесін зерделеу жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Өңір» депутаттық тобының мүшесі.

Құрмет» және «Парасат» ордендерімен наградталған, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл»,

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»,

«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл»,

«10 жыл Астана»,

«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл»,

«Теңгеге 20 жыл»,

«ТМД ПАА кеңесі», мерейтойлық медалдерімен марапатталған.

«Хиуаз Доспанова» естелік медалімен марапатталған.

«ТМД ПАА Құрмет грамотасымен» марапатталған.

«Еңбекті қорғауындағы сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған.

Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төс белгісімен марапатталған.

Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің Қаулысымен «ТүркПА 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

Атырау облысының Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандарының Құрметті азаматы.