Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылғы 19-20 наурызда ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Қ.Еңсегенов РФ Астрахань қаласында Астрахань облысының ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрімен кездесу өткізеді.

20.03.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің жұмыс жоспарына сәйкес балық шаруашылығының дамуы, оның ішінде жаңа технологияларды қолдану мен бәсекеге қабылетті экспорттық өнім шығару жайын қарау жоспарланған. Қазақстан мен Ресей Федерациясының трансшекаралық Қиғаш өзенінен балық аулау тәртібіне қатысты Қазақстан мен Ресей Федерациясының құқықтық актілеріндегі айырмашылықтарын зерделеу үшін 2018 жылғы наурыз айының 19-20 күндері Ресей Федерациясының Астрахань қаласында өтетін кездесуде Астрахань облысының ауыл шаруашылығы және балық өнеркәсібі министрі - Алексей Николаевич Галкинмен кездесу келісілген.

 

Мемлекеттік органдардан іс-шараға қатысатындардың тізімі:

1. Атырау облысы әкімінің орынбасары - Нәутиев Әлібек Ибатоллаұлы;

2. Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары - Бектеміров Жандос Мнафихұлы;

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы - Өтепов Арман Тлеулесұлы;

4. «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Атырау филиалының директоры - Кадимов Ерболат Латифұлы;

5. «Каспий Балық» Өндірістік кооперативінің директоры-Шакупов Жұмажан Өмірзақұлы.

Бөлісу