Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

03.11.2020 0

Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы болды, онда депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.

Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед заң жобасының негізгі міндеті мемлекеттік шекараны қорғаудың қолданыстағы жүйесінің тиімділігі мен ұлттық қауіпсіздік органдарының функционалдық мүмкіндіктерін арттыру екенін айтты.

Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген заң жобасы бойынша сенатор Нұржан Нұрсипатов әріптестерінің атынан баяндама жасады. Ол бір кодекске және жиырма бес заңға түзетулер енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Заң жобасын қабылдау ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға, сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту мен арнайы техникалық құралдарды пайдалану арқылы мемлекеттік шекараны қорғау және күзету жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Депутаттар заң жобасын бірауыздан қолдап, оны Палатаның қарауына енгізу ұсынылды.

Бөлісу