Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Әділбеков
Дәурен
Зекенұлы

 

 

 

ӨМІРБАЯН

1956 жылы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген.

1974 жылдан 1979 жылға дейін Новосибирск электротехникалық институты, инженер-электромеханик.

1994 жылы РФ Үкіметі жанындағы Халық Шаруашылығы Академиясын бітірді, Мәскеу қ., жоғары санатты менеджер.

1979-1989жж. Алматы қаласының жолаушылар көлігі жүйесінде шебер, аға шебер, бас инженер, кәсіпорынның директоры болып жұмыс істеді.

1989-1994 ж.ж. аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Алматы қ. Кеңес аудандық әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XIII шақырылымының депутаты.

1995 жылдан 1997 жылға дейін Қазақстандық кәсіпкерлікті қолдау және дамыту орталығы бас директорының бірінші орынбасары.

1997 ж. Көкшетау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

1997 жылдан 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің сараптау-талдау бөлімінің сектор меңгерушісі.

1998-2005 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2005-2008 жылдары Экономика және менеджмент кафедрасының профессоры, Көкшетау қ., «ҚТЖ ҰК» АҚ «Темір жол жылу» АҚ Вице-президенті, Астана қ.

2008-2017 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары.

2017 жылдың ақпан айынан шілде айына дейін Ақмола облысының бірінші орынбасары.

2017 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы.