Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаян

Жолдасбаев
Мұратбай
Сматайұлы

Жолдасбеков Мұратбай Сматайұлы

Өмірбаяны

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

1957 жылдың 29 қарашасында дүниеге келген, ұлты қазақ. Білімі жоғарғы. В.П. Горячкин атындағы Мәскеу ауылшарушылық инженерлер институтының түлегі.

Еңбек жолын 1975 жылы Жамбыл облысы Красногор ауданы «Кызыл Октябрь» колхозының жұмысшысы болып бастаған.

1981-1982 жылдары Жамбыл облысы Красногор ауданы «Жаңа Тұрмыс» совхозының бақылаушы механигі қызметін атқарды.

1982 – 1992 жылдары Жамбыл облысы Красногор ауданы «Жаңа Тұрмыс» совхозының бас инженері қызметінде.

1992  - 2007 жылдары Жамбыл облысы Кордай ауданы «Сарыбұлақ» совхозының директоры, «Сарыбұлақ» Акционерлік Қоғамының президенті қызметін атқарды.

2003 – 2006 жылдары арасында «KAZEXIM group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының орынбасары, директоры.

2006 – 2007 жылдары «Маис Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының арграрлық саясаты бойынша, өндірсі бойынша орынбасары, Бас директордың бірінші орынбасары.

2007 жылы Жамбыл облысы Кордай ауданының әкімі болып тағайындалды.

2009 жылдан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

«Құрмет» ордендерімен  және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Зайыбы Мүздыбаева Айнакул Кенчимбайқызымен бірге екі бала өсіріп келеді.