Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде

15.04.2019 0
Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы адамдарды ұстап беру туралы келісім (бұдан әрі - Келісім) 2017 жылғы 1 қарашада Астанада жасалды. Шарт әрбір уағдаласушы мемлекеттің өз аумағында жүрген және екінші Тарап жауапкершілікке тартқан немесе ұстап беруге әкеп соғатын қылмыс үшін екінші Тараптың құзыретті сот инстанциялары тағайындаған сот үкімін орындауды қамтамасыз ету үшін сұратылатын кез келген адамды немесе адамдарды ұстап беруге бағытталған. Шарттың мақсаттары үшін Бас прокуратура Қазақстан Республикасынан орталық мемлекеттік орган болып табылады.
Бөлісу