Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

20.05.2019 0
Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімге (бұдан әрі - Келісім) Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің вице-премьерлері 2017 жылғы 11 желтоқсанда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық комиссиясы Кеңесінің отырысында қол қойды. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен корғау туралы хаттаманың 10-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 26 қосымша) Келісімді Еуразиялық экономикалық комиссия Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен бірлесіп әзірледі. Келісім авторлардың, орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың (өндірушілердің) және өзге де авторлық және (немесе) сабақтас кұқықтар иелерінің жеке тәртіппен авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыруы қиын болған немесе мүше мемлекеттердің заңнамасында осы құқықтар объектілерін кұқық иеленушілердің келісімінсіз, бірақ сыйақы төлей отырып пайдалануға жол берілетін жағдайларда мүше мемлекеттердің аумақтарында авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібін белгілейді. Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару құқык иеленушілер құқықтарының іске асырылуы мен қорғалуын қамтамасыз ететін жүйе болып табылады. Келісім авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін жаппай пайдалану көлемі артқан кезде мүліктік құқықтарды жеке тәртіппен іске асыруды жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Бөлісу