Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Ақмола облысына жұмыс сапары жөнінде

05.01.2021 0

Сенат депутаттары Бақытжан Жұмағұлов пен Нұрлан Бекенов Ақмола облысына барды.

Сапар барысында сенаторлар Бурабай ауданындағы оқу орындарында, оның ішінде «IQanat High School of Burabay» мектебінде, Ақкөл ауданында орналасқан «Smart Aqkol-2018» демонстрациялық-ахуалдық орталығындажәне басқа да бірқатар әлеуметтік маңызды объектілерде болды.

Депутаттар соңғы талаптарға сай жабдықталған білім беру ұйымдарының жұмысымен танысып қана қоймай, ондағы қызметкерлермен, ұстаздарменөзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Сонымен қатар сенаторлар ұстаздарға өткен жылдың соңында Жоғарғы Палата қабылдаған «Білім туралы» Заңға енгізілген маңызды өзгерістер мен толықтырулар,оның ұстаздар қауымына пайдасы жөнінде ашып айтып берді.

Сенаторлар одан әрі Қазақстанның ғарыштық жерүсті инфрақұрылымының бірінші объектісі болып табылатын «Ақкөл» ғарыштық байланыс орталығы «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-да болды. Бүгінде 52 инженер мен 35 қызмет көрсетуші персоналы барорталықтың жұмысымен мекеме директоры таныстырды.

Сапар барысында депутаттар өңір басшыларымен кездесіп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту, өңірді дамыту бойынша өз ұсыныстарын жеткізді.
Бөлісу