Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Алматы қаласына жұмыс сапары жөнінде

06.05.2021 0

Бақытжан Жұмағұлов: Қолданбалы ғылымды дамытудың және зерттеулер жүргізуге жағдай жасаудың маңызы зор

Сенат депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Динар Нөкетаева және Ләззат Сүлеймен Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетіне барып, оқу орнының ғалымдарымен кездесті.

Кездесу барысында ғалымдар өздерінің ғылыми-техникалық жаңалықтарымен таныстырды. Бұл жаңалықтардың нәтижелері экономиканың нақты секторында және әлемді кеңінен тануға мүмкіндік беретін зертханаларда қолданылады.

Сенатор Бақытжан Жұмағұлов экономиканың өнеркәсіптік секторымен ынтымақтастықты күшейтудің, қолданбалы ғылымды дамытудың және іргелі зерттеулер жүргізу үшін жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазіргі таңда Парламентте ғылым мәселелеріне қатысты заң жобасы әзірленуде. Онда университеттердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және талантты ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыммен айналысуына тартымды жағдай жасауға мүмкіндік беретін бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар болады», – деді Бақытжан Жұмағұлов.

Депутаттардың пікірінше, еліміздегі жетекші ұлттық ғылыми-зерттеу университеттері өңірлік жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуға тиіс. Бұл жаңа білім алу үшін отандық ғалымдардың әлеуеті мен ресурстарын біріктіруге, зерттеулердің қолданбалы сипатын қамтамасыз етуге және жас ғалымдардың жаңа буынын дайындау үшін бірлескен білім беру бағдарламаларының пулын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бөлісу