Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар астаналық колледждерге барды

14.03.2022 0
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Бақытжан Жұмағұлов, Айгүл Қапбарова, Ақмарал Әлназарова және Динар Нөкетаева астанадағы колледждерде болды.

Депутаттар Мемлекет басшысының биылғы 11 қаңтарда Парламентте айтқан тапсырмасы және «Сапалы білім – ұлттың табысты болашағының кепілі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелге дайындық аясында еліміздегі орта арнаулы білімнің даму деңгейін зерделеу үстінде.

Сенаторлар «Astana polytechnic жоғары колледжі» мен «Құрылыс-техникалық колледжінде» болды, ондағы оқу үдерісімен және мекемелердің материалдық-техникалық базасының жағдайымен танысты.

Парламентшілерге дуальды жүйе бойынша өндірістік оқыту жөніндегі жұмыстар, сондай-ақ колледж түлектерін кейіннен жұмысқа орналастыру туралы айтылды.

«Бүгінде колледждер жұмыс берушілермен бірлесе отырып, кәсіптік стандарттар мен оқыту мерзіміне бағдарланған білім беру бағдарламасының мазмұнын дербес айқындайды. Білім беру мекемесі ТжКБ ұйымдарының жұмысындағы оқу жоспары мен оқу бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Оқу орны оқыту барысында болашақ жұмыс беруші кәсіпорындармен тығыз байланыста жұмыс істеп, ондағы өз кадрларына қоятын өндірістік талаптарды ескеретін болады. Сенаторлар өз кезегінде Үкіметтің бастамаларына заңнамалық қолдау көрсетуге және осы саланы жақсарту жөніндегі жаңа тетіктерді талқылауға дайын», - деді Бақытжан Жұмағұлов.
Бөлісу