Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Сенаты

Новости

Сенаторлар Алматы қаласы Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесті

18.03.2022 0
2022 жылғы 18 наурызда Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаттары Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Нөкетаева Динар Жүсіпәліқызы, Мәкежанов Сұлтанбек Алмасбекұлы, Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы, «Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауының басты бағыттары  мен  құқық қорғау қызметі қызметкерлерінің әлеуметтік  қорғалу мәселелері бойынша» Алматы қаласы  Полиция  департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді.
Кездесуге Сенаторлармен бірге Алматы қаласы Мәслихат хатшысы Конкуров Станислав Владимирович, Алматы қаласы ПД бастығы полиция генерал-майоры Таймерденов  Қанат Даниярұлы және Департамент қызметкерлері қатысты.
Кездесудің басты мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына «Жаңа Қазақстан:  Жаңғыру мен жаңару жол» атты Жолдауының басты бағыттарын түсіндіру мен құқық қорғау қызметі саласының қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандыру бағытын жетілдіру: жалақы мөлшері, коммуналдық өтемақының төмендігі, тұрғын үйге алуға бөлінетін жәрдемақының барлығына бірдей берілмейтіндігі, Метрополитендегі қызмет өтілін 1,5 жылға өсіру, жас қызметкерлерге жатаханалар мен жалға берілетін тұрғын үйлер салу, кепілді медициналық көмек алу және шетелге емделуге квота бөлу т.б. мәселелері  көтерілді.
Бөлісу