Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

СЕНАТОР Р.Қ.ӘБДІКЕРОВ ШЕТ АУДАННЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙЫНА ҚАТЫСТЫ.

18.09.2018 0

СЕНАТОР Р.Қ.ӘБДІКЕРОВ ШЕТ АУДАННЫҢ                   90 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙЫНА ҚАТЫСТЫ.

 

Ауданның торқалы тойы «Орталық стадионда» салтанатты түрде ашылды.

«Ер туған жеріне» деген қазақ ел қызығына араласа алмаса, намысына нұқсан. Тойға ат басын бұрған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров «шұғылалы Шет өңірі 90 жылдық шежіресінде саяси қуғын-сүргін жылдары мен соғыс өртімен қатар, небір қиын-қыстау замандарды бастан өткере жүріп, сан алуан жасампаз істерімен көзге түскен мекен. Аудан халқының өршіл мінезі мен өрелі болмысы осыдан көрінеді. Кейінде бұл елге ел қосылып құт болды. Өндірістік әлеуеті мығым, көліктік коммуникация инфрақұрылымы дамыған Ақадыр ауданының қосылуымен күш-қуаты еселеп өсті. Соның арқасында экономикасы мен әлеуметтік саласы дамып, Қарағанды аймағының ырысты да ынтымақты өңіріне айналды» деді.

Бөлісу