Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы».

14.09.2017 0

Қазақстан Республикасы мен Сербия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы заң жобасы.

 

Шартқа 2016 жылдың 24 тамызында Белградта біздің Елбасымыздың Сербияға ресми сапары барысында қол қойылған.

Онымен бірге тағы екі: ұстап беру және сотталған адамдарды беру туралы шарттарға қол қойылды.

Біз үшін еуропалық елдермен мұндай екіжақты шарттарды жасасу өте маңызды, себебі Еуропа Кеңесі қылмыстық саладағы еуропалық конвенцияларға Қазақстанның қосылуына әле келісімін берген жоқ.

Мұндай екіжақты шартты жасаса отырып, біз еуропа континентін кеңінен қамтып аламыз және түбінде біздің еуропалық конвенцияларына қосылу мәселесін көтереміз.

Сондай-ақ Сербиямен экономика саласындағы ынтымақтастық серпінді дамып келеді. Өткен жылы тауар айналымы 26,4 млн АҚШ долларын құрады.

Ақпарат ретінде: 2016ж. - экспорт 1,2 млн., импорт 25,2 млн., 2015 ж. – 55,8 млн., 2014ж. – 20 млн., 2013ж. – 22,7 млн.

Біздің мәліметімізге сәйкес бүгін Қазақстанда сауда және құрылыс саласында 24 серб кәсіпорыны қызмет етеді.

Біруақытта қазақстандық бизнес сербия экономикасына да қосылып жатыр (2016 жылы Сербияда теміржол желілерін салу мен жөндеу бойынша компания сатып алынды).

Келешекте бір-бірімізге қылмыстық істер бойынша көмек көрсету қажеттігі туындауы мүмкін және ол үшін бізде жеткілікті құқықтық база қолданыста болады.

Біздің арамызда мұндай жағдайлар але туындамады.

Ұсынылған Шарт қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуге байланысты мәселелерді реттейді және адамның қылмысты жасағанын куәландыру үшін қажетті барлық жедел-тергеу әрекеттерін өткізуді көздейді.

Ол сондай-ақ жауап алуды, сараптама жүргізуді, құжаттарды беруді, заттарды тапсыруды, қылмыстық жолмен алынған мүлік пен кірістерді алып қою мен тәркілеуді және де Тараптардың заңнамалары рұқсат ететін басқа да процессуалды іс-әрекеттерді қамтиды.

Бұл осы саладағы үлгілі Шарт және осындай екіжақты шарттар 24 елмен жасалды, олардың 11 еуропалық ел болып табылады (Қытай, Моңғолия, Литва, Түркия, Пәкістан, Қырғызстан, Грузия, Солтүстік және Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Үндістан, Канада, Біріккен Араб Әмірліктері, Испания, Чехия, Болгария, Румыния, Италия, АҚШ, Монако, Мажарстан, Ұлыбритания).

Шарт адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты болғандықтан, ол «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Заңның 11-бабына сәйкес ратификациялауға жатады.

Заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді.

 

Бөлісу