Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін Хаттаманы ратификациялау туралы»

23.10.2018 0

 

Қазақстан Республикасының «Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы бойынша

АНЫҚТАМА

 

 

Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны (1963 жылғы Токио конвенциясы) және Әуе кемелерінің бортында жасалатын қылмыстар және кейбір басқа да актілер туралы конвенцияны өзгертетін хаттаманы (2014 жылғы Монреаль Хаттамасы) ратификациялау туралы заң жобасы (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ассамблеясының 39-ші сессиясының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған, ол барлық ИКАО-ға мүше мемлекеттерді осы халықаралық шарттарға қол қоюға және ратификациялауға шақырады.

Токио конвенциясы және Монреаль Хаттамасының негізгі мақсаттары әуе кемесінің бортында жасалатын қылмыстар мен кейбір басқа да актілерге қатысты юрисдикцияны мемлекеттердің жүзеге асыру тәртібін белгілеу, әуе кемесіне және оның бортындағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қылмыстар мен актілерді жасайтын адамдарға қатысты әуе кемесінің командиріне өкілеттіктер белгілеу және кеңейту болып табылады.  

Осы халықаралық келісімдерді жүзеге асыру деструктивті және тәртіпсіз жолаушыларға қатысты азаматтық авиация оқиғаларын шешуге ықпал ететін болады.

Бұл ережелерді қабылдау Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің терроризмге қарсы іс-қимылына қатысты талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ азаматтық авиацияның ұшу қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерге тиісті деңгейде жауап беруге мүмкіндік береді.

Заң жобаларын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.

Бөлісу