Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын Хаттаманы ратификациялау туралы»

23.10.2018 0

 

 

 «Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны» және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы ратификациялау туралы» 

АНЫҚТАМА

 

 

Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны (1970 жылғы Гаага конвенция) және Әуе кемелерін заңсыз басып алуға қарсы күрес туралы конвенцияны толықтыратын хаттаманы (2010 жылғы Бейжін Хаттама) ратификациялау туралы заң жобасы (ИКАО) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының ассамблеясының 38-ші сессиясының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталған, ол барлық ИКАО-ға мүше мемлекеттерді осы халықаралық шарттарға қол қоюға және ратификациялауға шақырады.

Гаага конвенциясы және Пекин Хаттамасының негізгі мақсаттары әуе кемелерін заңсыз басып алу қатысты қылмыстың жетекшілері мен ұйымдастырушылары үшін қылмыстық жауапкершілікті, сондай-ақ қылмыскердің тергеу, қудалау немесе жазалаудан құтылу әрекеттеріне көмектесетін адамдардың жауапкершілігін белгілеу болып табылады. Хаттама әуе кемесінің заңсыз басып алу актілерінің тізімін кеңейтеді, мысалыға әуе кеменің үстінен аэронавигациялық жүйеге араласу арқылы басқару, кибер шабулар арқылы әуе кеменің үстінен басқару.

Осы халықаралық келісімдерді жүзеге асыру Қазақстанның өзіне алған міндеттемелерін адал орындауға, сондай-ақ терроризмге қарсы күрестің жаһандық жүйесіне белсенді қатысуға және заңсыз араласу актілерін алдын алу проблемаларын шешуге ықпал ететін болады.  

Қазақстан Республикасы әлемдік қоғамдастықтың терроризмнің  барлық түрлері және көріністерімен күресудің ұжымдық шараларын үнемі қолдайды.

Заң жобаларын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға алып келмейді.

Бөлісу