Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы»

15.01.2019 0

2018 жылғы 14 мамырда Сочиде өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары Келісімге қол қойған. 

Келісімге қол қою Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 1-тармағында көзделген. Онда «Одақтың үшінші тараппен халықаралық шарттарын жасасу мәселелері Одақ шеңберіндегі халықаралық шартпен белгіленеді» деп көрсетілген.

Келісім жарғылық шарт пен Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға сәйкес реттеу нысанасына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа қажетті өкілеттік берілген Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен халықаралық шарттарды кезең-кезеңмен жасасу тәртібін белгілейді.

Одақтың қызметі тәжірибесінде тұңғыш рет үшінші мемлекеттермен келіссөздерді жүргізу тәртібі, келіссөз делегациясы басшысының өкілеттіктері мен міндеттемелері Келісіммен реттеледі.

Бұл Еуразиялық экономикалық комиссия мен мүше мемлекеттердің еркін сауда аймағын құру туралы келісімдерді, сондай-ақ үшінші мемлекеттермен ынтымақтастық туралы салалық келісімдерді жасасу бойынша өткізіп жатқан келіссөздерді жандандыру аясында аса көкейкесті болып отыр. 

Келісімде экономикалық интеграция шеңберінен шығатын нормалардың халықаралық шарттардың жобаларына қосылуға жол бермеу мақсатында ЕАЭО мен оған мүше мемлекеттердің атынан қолданыстағы келіссөз командалардың қызметіне нақты бақылау тетігі салынған.

Бұл ретте, өткізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша үшінші тараппен келісілген халықаралық шарттың жобасы оған қол қою үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізу үшін мүше мемлекеттерге жолданады.

«2018 жылғы 14 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңының жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Бөлісу