Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы»

16.04.2019 0

«Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2013 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде берілетін әскери мақсаттағы өнімнің болуын және нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының

АНЫҚТАМАСЫ

 

Келісімге 2017 жылғы 29 қарашада Мәскеу қаласында қол қойылды.

Келісімнің ережелеріне сәйкес әскери мақсаттағы өнім беруші Тарап әскери өнімдерді бақылауды мынадай мақсаттарда жүзеге асыруға құқылы:

біріншіден, өнімдердің болуы мен мақсатты пайдаланылуын тексеру;

екіншіден, қарулы күштерде, басқа да әскерлер, әскери құралымдарда, құқық қорғау органдары мен арнаулы органдарда олардың мақсатты пайдаланылуын растайтын қажетті құжаттаманы салыстырып тексеру;

үшіншіден, берілген өнімді есептен шығарудың негіздемесін тексеру.

Осындай бақылаулар Тараптардың уәкілетті органдарының сұраулары негізінде жүзеге асырылады. Сұрауларда беруші Тарап бақылауға жататын әскери мақсаттағы өнімді, бақылауды жүргізу мерзімдерін, сондай-ақ бақылау барысында қолданылатын техникалық құралдарды көрсетеді.

Бұл ретте, уәкілетті орган осы мақсаттар үшін құрылған тиісті бақылау тобын қабылдаудан бас тарта алмайды.

Келісімді ратификациялау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды, сондай-ақ республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

         Кейін заңнаманы сәйкестілікке келтіруді қажет етпейді.

 

 

Бөлісу