Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Манап Көбенов пен Асхат Күзеков жұмыс бабындағы сапармен Павлодар облысында болды

02.02.2017 0

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Манап Көбенов пен Асхат Күзеков жұмыс бабындағы сапармен Павлодар облысында болды.

 

Депутаттар Ақсуферро қорытпа зауытының жұмысымен танысты және кәсіпорынның еңбек ұжымымен жүздесті. Ақсу қаласындағы мәслихат депутаттарымен, кәсіпорын басшыларымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен және ардагерлермен кездесу болды. Конституциялық реформалар мен Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауы кездесудің басты тақырыбы болды. Шара барысында аймақ тұрғындары жергілікті халықтың өмірін жақсартуға бағытталған бірқатар мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Әкімшілік кодексінде белгіленген айыптар мөлшерінің жоғарылығы, шағын және орта бизнесті тексерудің көбеюі, азық-түлік пен дәрі-дәрмектің бағасының өсуіне байланысты алаңдаушылық білдірілді. Ферро қорытпа зауытының жұмысшылары зиянды өндірісте жұмыс істейтін әйелдердің зейнет демалысына шығу жасын төмендету туралы ұсыныстарын айтты. Сенаторлар сондай-ақ С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамымен кездеседі.

 

Бөлісу