Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация
Конкурс соңына дейін
3
4
күн қалды

Новости

«2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»

10.09.2019 0

«2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының шекара маңындағы аумақтары тұрғындарының Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамасына

 

анықтама

 

(бұдан әрі - Хаттама)

(2018 ж. 9 қарашада Петропавл қ. қол қойылған)

 

Келісімді қазақстан тарапынан – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғ.Қойшыбаев, ресей тарапынан – Ресей Федерациясының Статс-хатшысы – Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Панкин қол қойды. Қол қойылу тілі – қазақша, орысша.

Келісімге өзгерістер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімовтың 2016 жылғы 28 маусымдағы № 12-38/1632 тапсырмасына сәйкес енгізілуде.

Қолданыстағы Келісімге сәйкес, ҚР азаматтары үшін қазақстан-ресей шекарасын кесіп өткенде жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлігі немесе паспорт), сонымен қатар, әділет органдарымен немесе шекара маңындағы ауыл әкімдерімен расталған азаматтарды тіркейтін кітапшасынан (тұрғындарды тіркеу кітапшасы) үзінді өздерімен бірге болуы қажет.

Дегенмен, Азаматтарды тіркеу кітапшасы 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1427 ҚР Үкіметінің Қаулысымен өзінің күшін жойды.

Осыған орай, Хаттаманың 1-бабына сәйкес өзгерістер енгізілуде. Оған сәйкес жеке басын куәландыратын құжатпен бірге ҚР уәкілетті органмен берілген шекара маңындағы аумағында орналасқан елді мекенде түрақты тұру орнында тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай орнынан адрестік анықтама) болуы тиіс.

Хаттаманың 2-бабына сәйкес бұл құжат қол қойылған күннен бастап отыз (30) күн өткеннен кейін уақытша қолданылады және Тараптар осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді жүзеге асыру туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

Қаулы жобасын Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдары (ҰҚК, ҚМ, ҰЭМ, ӘД, АШМ) мақұлдады.

Ресей тарапы РФ СІМ 2019 жылғы 12 сәуірдегі № 5273/3 нотасымен РФ-те Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдерді орындағаны туралы хабарлаған.

 

Бөлісу