Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
175 жыл
Абай Құнанбайұлының мерейтойы
Навигация
Конкурс соңына дейін
7
6
күн қалды

Новости

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы.

15.10.2019 0

 

«Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң жобасына ақпарат

 

Келісімге 2018 жылғы 28 қыркүйекте Душанбе қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттер – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан басшыларымен қол қойылды.

Әзербайжан, Түркіменстан, Украина және Молдова қол қойған жоқ.

Келісім ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру мақсатында әзірленді.

Анықтама ретінде:

Келісімнің жобасын 2015 жылы Беларусь Республикасының ІІМ 2014-2018 жылдарға арналған Халықаралық қылмыспен күрес бағдарламасын орындау мақсатында әзірледі.

Келісім ынтымақтастықтың құқықтық негізін құрайды, қылмыстық-жазаланатын әрекеттердің, ІТ-саладағы терминологияның бірыңғай түсінігі қамтамасыз етіледі, сондай-ақ құзыретті органдар, олардың өзара іс-қимыл тәртібі анықталады.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағына сәйкес Келісім ратификациялауға жатады.

ІІМ «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстармен күрестегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заң (бұдан әрі – Заң жобасы) және тиісті Үкімет қаулысының жобасын әзірледі, мүдделі мемлекеттік органдармен (БП, ҰҚК, СІМ, ӘМ, ҰЭМ, ҚМ, ЦДИАӨМ, АҚДМ) келісілді.

Белгіленген тәртіпте Заң және Үкімет қаулысының жобалары ПМК-ге жолданды (2019 жылғы 30 мамырдағы шығыс № 1-3-6-39/1980-и).

2019 жылғы 18 маусымдағы Үкімет отырысында жобалар мақұлданды және Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 маусымдағы №426 қаулысы).

2019 жылғы 2 шілдеде Заң жобасы Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында ұсынылды (М.Қожаев).

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Заң жобасы Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында қаралды және депутаттар қолдады (Комитеттен жауапты – депутат Жарасов Ж.А.).

Анықтама ретінде:Отырыс барысында депутат Б.С. Ізмұхамбетовтің және  М.В.Чирковтың сұрақтарына жауап берілді.

 Келісімнің ережелері және механизмдері сондай-ақ ағымдағы жылғы 5 қыркүйекте Мәжіліс депутаты Г.Қ. Бижанованың жетекшілігімен өткен жұмыс тобының отырысында қаралды.

Ағымдағы жылғы 10 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің отырысында депутаттар Заң жобасын Парламент Мәжілісінің жалпы отырысына шығару туралы бір дауыстан шешім қабылданды.

Ағымдағы жылғы 2 қазанда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Заң жобасы мақұлданды.

Анықтама ретінде:Келісімді ратификациялағаннан кейін оны орындауға жауапты құзыретті органдардың тізбесін айқындайтын жеке нормативтік құқықтық акт (Үкімет Қаулысы) әзірленетін болады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексіне сәйкес, оларға БП, ҰҚК, ІІМ және ҚМ (Экономикалық тергеу қызметі) жатады.

Бөлісу