Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

19.06.2017 0

Құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы

Заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында әзірленген және екі блоктан тұрады:

1)   құқыққорғау жүйесін жетілдіру бойынша;

2)   экономикалық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру бойынша.

 

Бірінші блок (құқыққорғау жүйесін жетілдіру):

Қылмыстық-процестік заңнама бойынша:

1) қамақта ұстауға санкция беру кезінде тергеу судьясының өкілеттілігі кеңейтіледі.

Егер қолданыстағы нормалар бойынша тергеу судьясы ол жасырынып қалмау, тергеп-тексеруге кедергі келтірмеу мақсатында көрсетілген мәжбүрлеу шарасын адамға қолдану орындылығын зерттесе,

енді, ол күдік келтірудің негізділігін, яғни осы адамның қылмыс жасағанын көрсететін жеткілікті деректердің барын тексеруге міндетті.

Осы түзету ұсталған адамдардың құқықтарын елеулі күшейтеді.

Сонымен қатар, тергеу судьясына бұлтартпау шарасының неғұрлым «жеңіл шарасын» таңдау құқығы беріледі: ешқайда кетпеу туралы қолхат; жеке кепілгерлік және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта, қамақта ұстауға санкция беруден бас тартқан кезде судья үйқамаққа алу және кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын ғана таңдай алады.

Сонымен бірге адвокаттың жеңіл бұлтартпау шараларын қолдану туралы өтінішхат беру құқығы бекітіледі.

 

2) Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге қатысты сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істерді тергеп-тексеру құқығын беру ұсынылады.

3) Жеделдетілген өндірістің істері сияқты қылмыстық теріс қылықтар бойынша істердің тергеп-тексеруі жеңілдетіледі.

Егер ешкім наразылық білдірмесе, қылмыстық теріс қылықтың іздерін сараптамалық зерттеулерді өткізбей тіркеу ұсынылады.

Тараптар сараптама өткізу туралы соттада өтінішхат бере алады.

Сонымен қатар, іс бойынша анықтау тағайындалса да, қылмыстық теріс қылықтар бойынша тергеп-тексеру тек айыптау хаттамасын шығарумен ғана аяқталады.

 

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық қорғалуын арттыру бойынша.

- төтенше жағдай және терроризмге қарсы операция аймағында билік өкілдеріне қатысты зорлық-зомбылық көрсету және бағынбау үшін жаза күшейтіледі;

- құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің өміріне қол сұғу үшін жауапкершілік белгіленді.

 

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша

Тәжірибеде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу әдістерімен үлкен қиындықтар туындап отыр.

Қазір зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адам сотта қол жұмсау деректерін өзі жекеше тәртіппен дәлелдеуге мәжбүр.

Сонымен бірге, соттар ірі қылмыстық айыппұлдар тағайындайды. Нәтижесінде кінәлі тұлғалар ғана емес, барлық отбасы жазаланады.

16-шы жылдың қорытындысы бойынша денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру және ұрып-соғу үшін 718 адам сотталды. Бұл 14-ші жылдағы көрсеткіштен 10 есе төмен, себебі онда 6 мың азамат жауапкершілікке тартылды.

Нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықты алды-алу бойынша жүргізілген жұмыстар жеткіліксіз, және осы тұрғыдан одан ауыр қылмыстарға жол беріледі.

Ал бұған дейін бұзақы 48-сағаттық әкімшілік ұстауға жазаланатын. Ол 15 тәулікке оқшауланатын. Отбасы қорлық көрмеген.

Сондықтан, Қылмыстық кодекстен 108 (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) және 109 (Ұрып-соғу) баптарын Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне ауыстыруды ұсынамыз.

Депутаттардың қылмыстық теріс қылықтар бойынша қамақты енгізуді 2020-жылға дейін шегеру жөніндегі ұсынысы осы арада өте орынды. Үкіметпен бұл түзету қолдау тапты.

 

Әкімшілік заңнама бойынша

Президенттің жанындағы Құқықтық саясат бойынша кеңестің ұсыныстарын есепке ала отырып, заңнамада жеңілдететін мән-жайлар болған кезде заңды тұлғаларға тағайындалатын әкімшілік айыппұлдың мөлшерін 30% төмендету көзделген.

Қазіргі таңда мұндай норма Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексте көзделген, бірақ ол тек жеке тұлғаларға ғана таралады.

 

«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңы бойынша

1)          Құқық қорғау органдарында қатардағы құрам үшін қызметке тұрудың жасы 25-тен 35-жасқа дейін жоғарлайды.

2)          Қызметкерлерге мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқу мерзімі кезінде және ҚР-ның заңнамасында көзделген басқа жағдайларда (судьяға үміткерлердің тағылымдамасы және т.б.) жұмыс орнының сақталуымен демалыс көрсетіледі.

 

Екінші блок:

Экономикалық құқық бұзушылықтарды ізгілендіру бойынша

Бұл Қылмыстық кодекстің 25 бабына қатысты болды.

Соның ішінде:

1.          Бірқатар экономикалық қылмыстық теріс қылықтар бойынша айыппұлдың жоғарғы шегін төмендету ұсынылған.

Анықтама ретінде: ҚК-тың 10 бабы бойынша 2 есе және одан артық (200-ден 100 АЕК-ке, 300-ден 150-ге, 500-ден 200-ге) және қоғамдық жұмыстар мен қамақтың мерзімдері төмендетілді.

 

2.          Екі қылмыстың қылмыссыздандыруы көзделген

Анықтама ретінде: 244-баптың 1 бөлігі (Азаматтың салық және (немесе) бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтаруы) осы бап бойынша ірі зиянның шегін 2-ден 20 мың АЕК-ке ұлғайтумен және 215-бап (жалған кәсіпкерлік)

3.          6 экономикалық бап бойынша бірінші рет жасаған тұлғалар зиянды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатуды көздейтін ескертулер енгізіледі.

 

4.          Үш бапта саралаушы белгілері алынып тасталады, бұл сонда көзделген әрекеттер үшін жазаны жеңілдетуге әкеледі.

Анықтама ретінде: 214-баптың 2б. (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік немесе коллекторлық қызмет), 222-бап. (Тауар белгісін заңсыз пайдалану) және 221-баптың 2б. (Монополистiк қызмет) бойынша «бірнеше рет» белгісі.

5.          Экономика саласындағы 3 ауыр және аса ауыр құрамдар бойынша бас бостандығынан айыру жазасына баламалы жаза болатын зиянның көлемінен немесе қылмыстық кірістен еселенген айыппұл енгізіледі.  

245-бап. Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару

253-бап. Параға коммерциялық сатып алу

307-бап. Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру

 

6.          3 ауыр экономикалық құрам бойынша бас бостандығынан айырудың мерзімдері төмендетіледі

217-баптың 3б. (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) 12-ден 10-жылғы

232-баптың 2б. (Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу)  4-тен 7-ға дейінгі мерзімді 3-тен 6-жылға мерзімге

245-баптың 3б. (Ұйымдарға салынатын салықты және (немесе)бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiтөлеуден жалтару) 6-дан 10-ға дейінгі мерзімді 5-тен 8-жылға мерзімге

 

 

Бөлісу