Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы

13.06.2018 0
ӘКІМОВ Р

ӘКІМОВ Р.Қ.

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысындағы баяндама

(13 маусым 2018 ж. 214 бөлме.)

Құрметті төраға, құрметті әріптестер!

 

        Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарымен   әзірленіп, бастамашылық етілген Заң жобасының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ ішкі нарыққа жеткізілетін сұйытылған мұнай газын бөлудің жаңа механизмін жүзеге асыру болып табылады.

Жалпы, Заң жобасы газ өндіруші зауыттарының кірістілігін қамтамасыз етуге, ішкі нарыққа арналған сұйытылған мұнай газын «көлеңкелі» экспорттау жағдайларын азайтуға, осы нарықтағы бәсекелестікті дамытуға және өңірлерді сұйытылған мұнай газымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Тұтастай алғанда, Заң жобасының қолданысы теріс экономикалық, әлеуметтік құқықтық салдарға әкелмейді.

Бөлісу