Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Халықаралық қызметі

19.09.2019 0

 

2018 жыл:

26-27 ақпанда Комитет Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Халықаралық істер комитетімен бірлесіп көшпелі отырысын өткізді. Күн тәртібіндегі екі жақты ынтымақтастық, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, еуразиялық интеграция және аймақаралық ынтымақтастықтың даму мәселелері талқыланды.

4 маусымда Сарыағаш қаласында (Оңтүстік облысы) Өзбекстан Республикасы Сенат Олий Мәжілісінің Халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық байланыстар, шетел инвестициялары және туризм комитетімен кездесу өткізілді. Онда екі елдің туристік әлеуетін дамыту мәселесі, сыртқы экономикалық ынтымақтастық, теміржол көлігінің тарифтері, өзбек жағының қазақстандық тауарлардың импортына акциздерді азайту, Шекара бойындағы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мәселелері қаралды. Іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР Үкіметіне ұсынымдар әзірленді. 

28 тамыз Парламент Сенатының Төрағасы Қ.-Ж.Тоқаевтың қатысуымен Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты Ұйымының дайындық комиссиясының Атқарушы хатшысы Лассина Зербо бастаған «Өткенді еске алып, болашақты бағдарлау» кездесуге қатысты.

27 қыркүйек 10-шы Азия-Еуропа парламенттік әріптестігінің кездесуіне қатысты (АСЕП 10), Брюссель, Еуропалық Парламент.

4 қыркүйек Қытайдың Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары Сюй Цилянмен кездесуге қатысты.

26 қарашада «Астана – жаһандық интеграция, қауіпсіздік және бейбітшілік орталығы» халықаралық парламенттік конференциясы. Астана.

 

2019 жыл:

17 сәуірде Парламент Сенат Төрайымы Д.Н. Назарбаеваның қатысуымен Еуропа және Америка Істері Жөніндегі Британдық министрмен кездесуге қатысты.

17-18 сәуірде Парламент Сенат Төрайымы Д.Н.Назарбаеваның делегациясының құрамында ТМД ПАА-ның отырысына қатысты, Санкт-Петербург.

10 маусымда Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Сергей Громов Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Төрағасының орынбасары Ильяс Умаханов бастаған ТМД ПАА-ның халықаралық байқаушылар делегациясымен кездесуіне қатысты.

 

 

Бөлісу