Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Мемлекеттің ашықтығы және есептілігі-заманауй сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының" негізі тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференциясында сөз сөйледі

28.09.2017 0

Құрметті әріптестер!

 

Біз бүгін  Елбасы бекіткен Бес институционалды реформаның «Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет» бағыты аясында Үкіметтің және мемлекеттік органдардың қалын жұртшылық алдындағы жариялылығын қамтамасыз ету арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдарын талқылап отырмыз.

           Жемқорлық - мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.Бүгінгі таңда жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық ұлттық шектеулерді білмейді.

       Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндіктерге ие болды. Тұрақты нарықтық экономика орнықтырылды, ауқымды әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда. Тиімді мемлекеттік институттар құрылды, азаматтық қоғам дамып келеді. Жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттердің ішіне кіру бойынша Ұлт жоспары қабылданды және белсенді түрде алға жылжуда. Қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп жетіліп, өскелең өмірге қадам басты. Егемен Қазақстан жаһандық дүниеде лайықты орнын алды. 

         Елiмiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

         Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, жалған жауап беру немесе жауап беруден жалтару сияқты қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

           Елбасымыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынадай бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді: 
- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту; 
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою; 
- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау; 
- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту; 
- әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану; 
- халықаралық институттардың, отандық үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы.

           Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құрылымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттік бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді. 

       Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау органдарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған. 

Ендігі кезекте Парламент қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін атқарылып отырған іс-шараларға қысқаша тоқталып өтейін.

Парламенттің жалпы отырыстары, Үкімет сағаттары «онлайн режимде» көрсетіледі. Қазақстан Президенті Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Парламент палаталары бірлескен отырыстарының онлайн  таратылымы оның жұмысының ашықтығы мен халыққа жақындығын қамтамасыз еткені туралы» айтты.

Парламентте талқыланған маңызды мәселелерге қоғамдық ұйым мүшелері, Парламентке кірмеген саяси партиялар және бұқаралық ақпарат құралдары еркін қатысып, ұсыныс-пікір айтуға барлық жағдай жасалынды. Парламентте өткен үкімет сағаттарында, дөңгелек үстелдерде, көшпелі отырыстарда, денсаулық саласы, ауылшаруашылығы, әлеуметтік-экономикалық, білім және мәдениет, жастар мәселелері ерекше талқыланды. Бұл Парламент жұмысының бұрынғыдан да ашық және сапалы болуына зор ықпал етті.

Сонымен қатар Парламенттің сайты қаралудағы заң жобаларының санын білуге, заң жобаларының келгені және өтуі жөніндегі мәліметпен, іс-шаралар жоспарларымен танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ депутаттар қандай сұраулар жібергенін қадалауға болады.

 

         Құрметті әріптестер және қатысушылар!

 

       Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.

         Сыбайлас жемқорлық  еліміздің  дамуына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмайтынымыз айдан анық.

Жалпы еліміздің дамуына немқұрайлы қарамайтын әрбір азаматтың  бұл мәселеге бей-жай қарамауы қажет деп есептеймін.

 

 

 

Бөлісу