Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ БОЛЫП ҚАЙТТЫ

04.12.2017 0

ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕ БОЛЫП ҚАЙТТЫ

 

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.Құртаев Қытай Халық Республикасында сапармен болды. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, көлік және мәдени ынтымақтастықмәселелері талқыланды. Жүздесушілер қытайлық «Бір белдеу, Бір жол» бастамасы мен біздің еліміздің «Нұрлы жол» бағдарламасын, сондай-ақ 2015-2020 жылдарға арналған Шекара маңындағы ынтымақтастықты дамытудың мемлекетаралық бағдарламасын үйлестіру жоспарын іске асыру тұрғысында ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегіне қатысты пікір алмасты. Одан басқа, өкілді және атқарушы биліктің байланыстары, парламентаралық үнқатысулар, делегациялар алмасу арқылы екіжақты өзара іс-қимылды үдету мәселелері де қозғалды.

 

Бөлісу