Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

Депутат "Қазақстан Республикасының елді мекендерін сапалы ауызсумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері" тақрыбында парламенттік тыңдауда сөз сөйледі

24.11.2017 0

Құрметті төраға!

Құрметті әріптестер!

 

         «Су – тіршілік көзі, жердің нәрі», - дейді дана халқымыз.  Сусыз тынымды тіршілік,  мардымды еңбек алға баспайды.

        Бірақ-та, бүгінде сапалы ауыз су мәселесі әлемдік күрделі проблемалардың біріне айналып отыр. БҰҰ Бас ассам­блеясының  мәліметтері бойынша, қазір дүние жүзінде 889 миллион адам ауыз судан тапшылық көріп отыр. Ал  2,6 миллиард адам су жетіспеушілігіне байланысты зардап шегіп антисанитарлық жағдайда өмір кешуде. Ұлан-ғайыр Еуразия кеңістігінде кеңінен көсіліп жатқан Қазақстан  жері де сапалы су көздеріне зәру. Осы мәселенің маңыздылығын  ү.ж. 13-14 қарашада өткен Астана клубының отырысында  Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  жер жаһанды толғандырған келесі мәселе ретінде табиғи ресурстардың тапшылығын атап өтті. Әсіресі, Елбасы таза ауыз судың жетіспеушілігіне кеңінен тоқталды «Адам өміріне керек ресурстардың шектеулі болуына лайықты көңіл бөлініп отырған жоқ. Ең әуелі, тұщы су жетіспеуі мемлекетаралық қарама-қайшылыққа әкеліп соғады. Су ресурстарының тапшылығы Үндістан мен Пәкістан қарым-қатынасын шмеленістіріп жіберді. Мұндай жағдайдың Таяу Шығыс пен Орталық Азияда туындау ықтималдығы жоғары. Жер шарында халық санының артуына байланысты жекелеген өңірлерде азық-түлік дағдарысы орнап, егістік алқапары қысқарып, топырақтың құнары қайтып барады» деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Елбасының 2011 жылғы жолдауында 2020 жылға қарай сумен қамтамасыз етудің орталық желісіне қолжетімділік қалаларда 100%,  ауылдық жерлерде сумен қамтамасыз ету 80% жеткізу мәселесін алға қойған болатын.

Бүгінде Қа­зақстан ТМД мемлекеттерінің ішіндегі су қоры үлесі жағынан соңғы орынды иеленеді.  Тәуелсіздік алған кезеңнен бері елімізде тұрғын­дарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар жү­зеге асырылып, шынайы халықтық мақ­­саттар қолға алынуда. Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы 2002-2010 жылдарға арналған салалық «Ауыз су» бағдарламасы жүзеге асырылды және кешенді шаралардың нәтижесінде бірқатар жұмыстар атқарылды, ал кәзіргі таңда жүзеге асырылып отырған «Ақ бұлақ» 2020 жылға дейін арналған бағдарламасы өз жемісін беруде.  

Қазақстан Республикасында 6653 ауылдық елді мекеннің 55,6% (3699 е.м.) ауыз сумен қамтылған. Ал  87 қалалар бойынша 92,9% (10 339 430 адам) ауыз сумен қамтылған.

2011-2014 жылдары аралығында «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Республикалық бюджетен су тартуға және сумен қамтамасыз ету жүйесін реконстукциялауға 335,2 млрд. тенге бөлінді, оның ішінде басым бөлігі Астана қ., Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облыстарына бөлінген. Қарағанды, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары бағдарлама аясында бөлінген қаражатты уақытылы және толығымен игерген. Сондай-ақ аталмыш жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстармен салыстырғанда ауылдық елді мекендердге су құбырларын салу және қайта құру бойынша ең жоғары көрсеткішті көрсетті.

Сондай-ақ сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға Республикалық бюджетен басқа жергілікті бюджеттен де ақша бөлу тәжрибесі бар. Мысалы, 2015 жылы жергілікті бюджеттерден барлығы шамамен 8 аймақтың әкімшіліктерімен  15,3 млрд. қаражаты бөлінген, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан Облысы - 6,2 млрд. тенге, Алматы облысы – 6,1 млрд. тенге, Атырау облысы 1,1 млрд. тенге бөлген, ал кейбір аймақтарда жергілікті бюджетен қаражат мүлдем бөлінбеген. 2016 жылы жергілікті бюджеттерден 10,2 млрд. тенге бөлінген. Жетекші ретінде қайтадан Алматы, ОҚО, Атырау облыстары қалған. Ал Павлодар, Ақтөбе облыстары  орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері төмен бола тұра және жергілікті бюджеттен қаражатты бөлу мүмкіншілктері бола тұра сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға ешқандай қаражат бөлмеген.

Бірақ-та Оңтүстік Қазақстан Облысы ауыз сумен қамтамасыз етуде оң тәжірибе көрсетіп жатқанымен, облыс республиканың халықтың ең тығыз орналасқан өңірі болып саналатыны себебінен көптеген жобалар іске асыру көзделуде, жоспарға сәйкес жобалар республикалық бюджеттен аз көлемде қаржыландыру себінен облыста ауыз сумен қамтамасыз етуде кері салдарын тигізіп жатыр. Бұл тек ОҚО-сына ғана емес, барлық облыстарға тиісті актуальді мәселе. Өйткені ауыз сумен қамтамасыз ету шараларына        2018-2020 жылдарға 154 млрд. теңге мөлшерінде қаражат жоспарланған. Аталған қаражат жоспарға сәйкес пайыздық мөлшерлердегі мақсатқа қол жеткізу үшін өте аз.

Мәселен, Республика көлеміндегі орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз етудің орташа көрсеткішінен (55,6 %) Сарыағаш (44,4%), Шардара (48,0%) аудандары мен Арыс қаласы (53,1%) елді мекендерінің ауыз сумен қамтамасыз етілуі төмен болып отыр.

Аталған аудандардың бірқатар елді мекендері ауыз суды Өзбекстан Республикасынан келетін каналдар арқылы, санитарлық талаптарға сәйкес емес ашық су көздерінен алса, жекелеген елді мекендер минералдылығы жоғары жер асты су көздерін пайдалануда.

Шардара қаласының су көзі, кермектігі өте жоғары - Шардара су қоймасы. Қаланың су тазалау ғимараты 1980 жылы салынып, бүгінгі күнге толығымен қайта құруды қажет етеді.

Қазығұрт ауданындағы су көздерінің дебеті төмен болуына байланысты біршама елді мекендерге ауыз су шектеумен берілуде.

Мәселені Өгем өзенінен көлемі секундына 3,5 м3-қа дейін суды бұрып, ауыз суға пайдалану арқылы шешу Елбасының араласуымен Өзбекстан Республикасымен келісілді және аталмыш жобаны тезірек іске асыру қажет.

 

Құрметті әріптестер!

 

Судың өмір  сүру үшін оның маңызы ерекше. Қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – ха­лық­тың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті, осы маңызды міндетті орындау мақсатында бүгінгі күнге дейін елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша бірталай жұмыс атқарылды, бірақ алдағы  таңда атқарылатын жұмыстар әлі де көп.

Атап айтсақ, Республикалық деңгейде келесідей жұмыстар атқарылса ауыз сумен қамтамасыз етуде оң серпінін беруші еді:

Бірінші - Жер асты су қорларының картасын жасау

Екінші - Қазақстан Республикасы териториясынан өтетін өзендердің бойларынан су қоймаларын салу

Үшінші -   Тамшылап суғару технологиясын ауыл шаруашылығында барынша енгізіп, одан әрі дамыту.

 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

 

 

Бөлісу