Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

"Газ тарифі неге әртүрлі?" мақаласы (Егемен Қазақстан, №24 (29255) 5 ақпан, дүйсенбі 2018 жыл)

05.02.2018 0

https://pdf.egemen.kz/pdfs/2018/02/05022018-web.pdf

 

Газ тарифі неге әртүрлі?

Елімізде газ, электр энергиясы тарифтеріндегі айырмашы­лық кейбір өңірлерге артық салмақ салуда. Нақты айтқанда Оңтүстік Қазақстан облысында тарифтердің құны өте жоғары деңгейде. Бұл облыстағы халықтың әлеуметтік жағдайына, шағын, орта және ірі бизнестің дамуына кері әсерін тигізіп, өндірістің дамуын тежейтін фактор болып отыр.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи газ тарифі 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап бір мың текше метрге жеке тұлғалар үшін – 34 475,20 теңге, заңды тұлғалар үшін – 36 103,97 теңге, жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін – 25 148,26 теңге болып белгіленген. Ал Ақтөбе об­лысында жеке тұлғалар үшін осы тариф – 8,4 мың, Маң­ ғыстау облысында – 9,4 мың, Қызылорда облысында – 19,9 мың, Жамбыл облысында – 26,1 мың теңге. Бір елде отырып осынша көп айырмашылыққа жол берілуінің өзі көп сұрақтар туындатады. Біздің Оңтүстіктің тарифі көршілес Өзбекстанда­ ғыдан тіпті 3 есе артық.

Электр энергиясы тариф­терініңде айырмашылығы үлкен. Ал орташа жалақы мөлшерінің деңгейі Оңтүстікте басқа облыстармен салыстыр­ ғанда төмен деңгейде қалып отыр. Мәселен, ол ОҚО-да 98,9 мың теңге болса, БҚО-да 136,3 мың, ШҚО-да118,6 мың, Қызылордада 117,9 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы экономикалық жағынан бел­сенді халықтың жұмыспен қам­ тылғаны 42,2%-ды құраса, ал күнкөріс деңгейінен төмен та­ бысы бар тұрғындар 31,3%-ды құрайды.

Республикамыздағы шағын және орта бизнестің ең үлкен үлесі – 15,3 % Оңтүс­ тік Қазақстан облысына тиесілі екенін ескерсек, тариф­ тердің өсуі халықтың ең тығыз орналасқан өңірі өн­ дірген тауарлардың өзіндік құнының жоғары болуына, бәсекеге қабілеттілігінің төмен­деуіне, өңірге инвесторлардың келуін азайтуға және жеке кәсіпкерлердің басқа өңірлерге ауысып кетуіне әкеліп соғуда.

Осыған байланысты біз Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың атына депу­таттық сауал жолдап, Оңтүс­тік Қазақстан облысын таби­ғи газбен қамтамасыз етудегі ерекшеліктерді ескере отырып және өңірлер арасында газ, электр энергиясы тарифте­ ріндегі бағалық айырмашы­ лықты төмендету мақсатында елімізде бірыңғай орта тариф енгізу мәселесін қарастыруды сұрадық. Бұл Оңтүстік өңірдің экономикалық дамуына оң ықпал ететін үлкен фактор болар еді деп санаймыз.

 

Әлімжан ҚҰРТАЕВ,

Сенат депутаты

Бөлісу