Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

24.04.2018 0

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға «2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы»  Қазақстан Республикасының Заң жобасы ұсынылып отыр.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына Тараптар беретін құпия ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету тәртібін айқындау, 2004 жылғы 18 маусымдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім қатысушыларның шеңберін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз ету, Келісім Тараптарының Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымына берілетін құпия ақпараттарын қорғауды қамтамасыз ету тәртібін нақтылау, сонмен қатар келісім мәтінін редакциялық нақтылау хаттаманың негізгі мақсаты болып табылады.

Хаттаманың бүкіл мәтініндегі нақтылаушы нормалар Келісімнің тұтастай тиімді іске асыруға әсерін тигізеді,                  сондай-ақ бұл нормалар 2004 жылғы Келісімнің жетіспеушіліктерін толықтырады.

Хаттаманы ратификациялау Ұйым шеңберінде құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз ету саласында Ұжымдық қауіпсіздік  туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің өзара іс-қимылының механизмін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының осы Заң жобасын қабылдау мемлекеттік бюджет тарапынан қаржылай шығындарды талап етпейді және Республика үшін теріс әлеуметтік, экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Хаттаманың ережелері Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің нормаларына қайшы келетін нормаларды қамтымайды.

Хаттама «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 27 бабының 4 тармағына сәйкес ратифкациялауға жатады.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сенат Аппараты өкілдерінің қатысуымен  жұмыс тобының отырысында жан-жақты талқыланды және пайда болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

        Назарларыңызға рахмет!

 

 

 

 

Бөлісу