Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

05.06.2018 0

 

Құрметті әріптестер!

 

         Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 27 жылы ішінде әлемдік қауымдастық мойындаған, дінаралық және конфессияаралық диалог пен келісімді табысты ілгерілетуде бірегей тәжірибесі бар егеменді мемлекет ретінде қалыптасты.

        Жалпы қабылданған әлемдік нормаларға сәйкес мемлекет азаматтарының құқықтары мен қоғамдық қауіпсіздіктің қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында діни ұйымдардың қызметін реттеуге құқылы.

        Мемлекет дін саласында тұрақтылықты сақтау, қоғамда конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту, кез келген түрдегі және көріністердегі діни экстремизм мен радикализм идеологиясына халықтың иммунитетін қалыптастыру бойынша нақты шаралар қабылдауда.

        Деректерге сүйенсек 1992 жылы елімізде барлығы 300-ге жуық діни бірлестіктер болса, бүгінгі күн 2018 жылғы 1 тоқсанының нәтижесі бойынша Елімізде 18 конфессия атынан өкілдік ететін 3715 діни бірлестіктер қызмет жасауда.

        Соңғы жылдары қоғамда халық діндарлығының өсуі байқалуда. Көптеген діни дәстүрлер заманауи сәнді трендке айналуда. Халықтың белгілі бір бөлігінде діншілдікті сыртқа көрсету, яғни діни өмірді жария етуге деген қызығушылықтар көрініс табуда.   

        Бұл өз кезегінде, конфессиялық кеңістікте орын алып отырған серпінді процестер мен оқиғаларды ескеріп, дін саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіруді және жаңғыртуды қажет етеді, сонымен қатар діни қызметті құқықтық реттеу тетігінің трансформациялануына байланысты оларды еліміздегі діни ахаулдың жағдайы мен оның дамуына тікелей әсере ететін әлемдік және өңірлік үрдістерге сәйкес келтіріп отыру қажет.

        Осыған сәйкес, қарастырылып отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы еліміздің дін саласындағы заңнаманы одан-әрі жетілдіруге бағытталуда.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының үш кодексі мен тоғыз заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделуде.

Атап айтсақ заң жобасымен ғибадат ғимараттарынан тыс жерде «неке қию» жораларын жасауға жол бермеу; азаматардың шетелде діни білім алу мәселелерін регламенттеу; дінге сенбейтіндердің құқықтарын сақтау бөлігінде заңнаманы халықаралық-құқықтық міндеттемелерге сәйкес келтіру;  діни бірлестіктердің қаржылық жағынан ашықтығы мәселесін қамтамасыз ету; діни саласында пайдаланылатын бірқатар ұғымдарды айқындау; Діни қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыретін жетілдіру; кәмелетке толмағандардың қатысуымен құдайға құлшыдық ету, діни ғұрыптар және жиналыстар өткізуге қойлатын талптар бойынша; діни қызмет саласындағы заңнама талптарын бұзғаны үшін айыппұлды қарастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілу көзделуде.

Заң жобасын қабылдау мемлекеттік-кофессиялық қатынастардың құқықтық анықтамасының сапасын арттыруға мүмкіндік береді, діни қызмет субъектілерінің құқықтары мен міндеттерінің тиімді қорғалуын, сондай-ақ діни процестерді қосымша заңнамалық реттеуді қамтамасыз етеді.

Заң жобасы республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейді, оны іске асыру теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Сонымен бірге, мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді, әйелдер мен балалардың әлеуметтік-құқықтық қорғалуын күшейтеді, сондай-ақ азаматтардың қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Сенат Аппараты өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырысы өткізіліп, жан-жақты талқыланды және пайда болған сұрақтарға жауаптар алынды.

Баяндалғанның негізінде, заң жобасын қолдап, бас комитетке ескертпелерсіз жолдауды ұсынамын.

        Назарларыңызға рахмет!

 

Бөлісу