Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

Депутат Шымкент қаласында бюджет саласы қызметкерлеріне баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты.

07.10.2017 0

Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болып, облыс орталығы - Шымкентте 675 отбасына баспана кілттерін табыстау рәсіміне қатысты.

Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.

Қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.

Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған - мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.

Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.

Сол күні сенатор облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге қаладағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ел аумағындағы халықаралық талаптарға сай келетін алғашқы бокс мектебінің ашылу салтанатына қатысты, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында жылына 4 мың комплект жиһаз шырауға қауқарлы жаңа фабрика жұмысымен танысты.

Бөлісу