Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

2018 жылдың 3-12 қаңтар аралығындағы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Ә.С. Құртаевтың жұмыс іс-сапары туралы

12.01.2018 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаевтың

Оңтүстік Қазақстан облысы өңіріне  іс-сапары бойынша

ЕСЕБІ

 

         Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ә. Құртаев  2018 жылдың 3-12 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында іс-сапарда болып келесідей іс-шараларға қатысты:

-                     8 қаңтарда Сенатор Облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаевтың қабылдауында болды. Қабылдау барысында облыс әкімі депутатты Шымкент қаласының бас жоспарымен таныстырды.

Облыс әкімі Ж.Қ. Түймебаев қаланың алдағы заманауи келбетін макет арқылы көрсетіп алда тұрған жұмыстар жөнінде кеңінен әңгімеледі. Елімізге танымал архитектор Ғ. Садырбаев, А. Әбдірамановтар  жаңадан салынатын «Шымкент-Сити» қалашығына қосатын өзіндік жобалармен таныстырды.

Негізгі мамандығы құрылысшы, аталған саланың ұңғыл-шұңғылын бес саусақтай жетік білетін – Сенатор қала мен облыс құрылысына қатысты өзіндік ойлармен бөлісіп, бірқатар ұсыныстарын айтты.

Кездесу соңында Облыс әкімі Ж. Түймебаев Сенатор Ә. Құртаевқа облыс мүддесі үшін істеп жатқан нәтижелі жұмыстары үшін алғысын білдірді.

-           9 қаңтарда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ә.С. Құртаев жұмыс кестесіне сай «ОҚО құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, «Мемсараптама» РМК Оңтүстік Қазақстан өңірі филиалы ұжымдарымен кездесті.

Үш миллионға жуық халқы бар ОҚО-да құрылыс қарқыны жылма-жыл  артпаса кеміге емес. Дегенмен соған сай әртүрлі мәселелер де бой көрсетіп жатады. Үйіргерлік жері болса, құжаты дайын емес, кезегі келіп тұрғанмен жеріне қолы жетпей жүргендерде қаншама. Бәрі дайын болғанмен арзан, қол жетімді құрылыс материалдарын да табу қиын. Не керек құрылыс саласына қатысты қиын түйінді сұрақтар аз болмай тұр.

Осындай көптеген сұрақтарға жауап берген сенатор өзінің және әріптестерімен бірге соңғы төрт айда бітірген тірліктер жөнінде әңгімелеп берді. Соның бірі күнделікті ауызсу мәселесі.

Еліміз тұщы су қоры жағынан ТМД мемлекеттерінің арасында ең соңғы орындарың бірінде көрінеді. Осы проблеманы шешу үшін мұнан бұрын «Ауыз су», «Ақ бұлақ» сынды кешенді бағдарламалар қабылданып әжептеуір нәтижесінде берген болатын. Дегенмен, осы мәселені түбегейлі шешуге бөлінген 154 млрд. теңгенің аздық ететіні дәлелдеп қосымша қаражы бөлдіруді сұрап жазған хаттары Үкімет назарына ілініп іс оңтайлы шешілетін болыпты. Мұнан бөлек шағын және орта бизнес, электр қуатын өндіретін стансияларды жаңарту, көбейту, ішкі миграция, көші-қон сынды өте күрделі мәселелерді дер кезінде бітіруге қажетті қаржыны бөлдіру сынды әріптестерімен бірге бітірген жұмыстарын рет-ретімен айтып берді.

Кездесу соңында «ОҚО-ның құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басқарма басшысы Қ.Р. Жамашев ұжымдастары атынан құрметті Сенаторға арнайы уақыт бөліп келіп айтқан өрелі де ойлы әңгімесі үшін алғысын білдіріп, жұмысына жеміс тіледі.

-                10 қаңтарда  Депутат «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының, «Оңтүстік» индустриалдық аймағының басқару компаниясының, "Оңтүстікеркін экономикалық аймағының ұжымдарымен кездесті.

Сенатор еліміздегі ең ірілердің бірі саналатын оңтүстік кәсіпкерлерін жаңа жылмен құттықтап, сөзін әрі қарай сабақтады. Қызу талқыланып жатқан Елбасы Жолдауындағы 10 басымдықтың бәрін жеке-жеке талдай айтып, әрқайсысының маңызына мән берді. Үлкен күшке ие оңтүстік кәсіпкерлерінің алдында тұрған жұмыстарға да бағыт-бағдар берді.

Бұдан бөлек кәсіпкерлікке, құрылысқа қатысты сұрақтарға да нақты жауап беріп, жол сілтеді.

Кездесу соңында «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы А.Т.Алдажаров халық қалаулысына уақыт тауып келіп, өткізген кездесуі мен мазмұнды әңгімесі үшін ұжым атынан алғысын білдірді.

-                11 қаңтарда Сенатор өзі бұрын басшылық қызметте болған «Нұр отан» партиясы облыстық филиялының ұжымымен кездесті. Алдымен өзі қызмет еткен ұжымға депутат болып сайлануына тілектес болып үлкен үмітпен шығарып салғандары үшін алғысын білдіріп, жаңа жылдарымен құтықтады.

Мұнан кейін жариялана салысымен қызу талқыланып жатқан Президенттік Жолдауындағы 10 басым бағыт жөнінде кеңінен әңгімеледі. Сонымен бірге облыстағы аса зәру ауызсу, электр энергисы, шағын және орта бизнес, көші-қон мәселесі де депутат назарынан тыс қалмады. Ә. Бектаев, А. Бейсенбаев сынды әріптестерімен тізе қоса, ақылдаса келе аталған мәелелерді шешу үшін қосымша қаржы бөлуге ықпал еткендері жөнінде де тарата айтып берді.

Кездесу соңына қарай бірқатар сауалдарға тұщымды жауап берген  Сенатаорға «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-лы төрағасының бірінші орынбасары Н.М. Жолдасов ұжым атынан алғыс білдіріп, еңбегіне жеміс тіледі.

-                12 қаңтарда Облыс Әкімі Ж.Қ. Түймебаев пен  ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.С. Құртаев Шымкент қаласының өндіріс орындарының жұмысымен танысты.

Көрме түрінде қойылған жүздеген өнімді аралап шыққан Облыс әкімі мен ҚР Парламент Сенатының депутаты әрқайсына жеке тоқталып өзіндік бағасын беріп жатты. Осы арада зауыт ашқысы келетін кейбір іскер азаматар біздегі электр қуатының тым қымбаттығын алға тартты.

ҚР Парламент Сенатының депутаты Ә.С. Құртаев өңірге жасаған іс-сапарының әр күні қым-қуат жұмыстарға, іскерлік байланыстарға толы болды. Қай жерде, қандай ұжыммен кездессе де жұрт сауалына нақпа-нақ жауап беріп, Елбасының кезекті Жолдауын, тапсырмаларын, алға қойған мақсаттарын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Бөлісу