Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықтар бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

15.10.2019 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

Ең алдымен заң жобасының мемлекетіміздің азаматтарының мүдделеріне тікелей қатысы бар әлеуметтік бағытын атап өткім келеді.

Айтып өтілгендей заң жобасы негізінде - «бір үй – бір мүлік иелерінің бірлестігі – бір шот» қағидасы бойынша жаңа басқару моделінің енгізіледі. Бұл қағида әрбір үйді басқарудың дербес тәсілін  қарастырады. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің қызметі әрбір үйдің меншікті ағымдық және жинақ шоттары қолдану арқылы қаржыландырылады.

Бұдан басқа заң жобасымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі тұрғын-үй құрылыс кооперативтерінің қызметіндегі бұзушылықтарды болдырмауға бағытталады.

Заң жобасы аясында шешіліп отырған тағы бір міндет – үйдің фасадтары мен шатырларын жөңдеу. Осы орайда, заң жобасымен жергілікті атқарушы органдардың көппәтерлі тұрғын-үйлердің фасадтары мен шатырларын ағымдық және күрделі жөңдеуді орындау бойынша құзіреттілігі қарастырылып отыр.  

Заң жобасымен көппәтерлі тұрғын-үйлердің жедел сатыларын жөңдеу тетігі ұсынылған. Осылайша, жергілікті атқарушы органдар пәтер және тұрғын емес үй-жайлардың иелерінің қаржыны қайтаруды қамтамасыз ету шартымен және жергілікті бюджетте қаржы болған жағдайда жедел сатыларды жөңдеу және ауыстыру құқығына ие. Бас комитет Үкіметке осы түзетулерге қорытынды алу үшін хат жолдады. Бірақ, Үкіметтің оң қорытындысынің жоқ болуына байланысты Бас комитет аталған түзетулерді қабылдамайды. 

Заң жобасымен шешімін табатын өте маңызды мәселе тұрғындардың басқарушы және сервистік компаниялардың қызметі туралы ақпаратқа ие болулары мен оларға қатысты бақылаудың күшейуі болып табылады. Осы орайда, басқарушы және сервистік компаниялардың қызметінің ашықтығы үй Кеңестерін құру және электрондық ақпараттық жүйенің енгізілуімен қамтамасыз етіледі.

Заң жобасымен жұмыс барысында кондоминиум объектісіндегі ортақ мүліктің үлес мөлшері, коммуналдық қызметтерге кіретін қызметтер тізбесі, хостел қызметінің өтпелі кезенің ұлғайту, Заңнамалық актілерді заң жобасының нормаларына сәйкес келтіру бойынша түзетулер мен толықтыруларды енгізу қажеттілігі туындады.

Барлық келіп түскен ескертпелер мен ұсыныстарды 17-ші қазанда болатын Сенаттың отырысында қарауға енгізуді ұсынамын.   

Назарларыңыз үшін рақмет !     

Бөлісу