Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

29.10.2019 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

 

Қаралып отырған заң жобасында 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттері туралы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы Үкіметтері арасындағы келісімге өзгерістер енгізу көзделген.

Осы  Хаттаманы   әзірлеу   Сарытөбе - Тоқмақ   және  Аухатты - Кең-Бұлын өткізу пунктінің дәрежесін «екіжақты» - дан «көпжақты халықаралық» - қа өзгерту қажеттілігімен байланысты болып отыр.

Бұл шара Қарасу және Қордай автомобиль өткізу пунктерінің жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың одан әрі дамуына оң әсер етеді деп күтілуде.

Баяндамашы негізгі Келісім мен қаралып отырған Хаттаманың мазмұны мен мақсаттары туралы жан-жақты баяндап берді.

Қайталаудың қажеті жоқ деп ойлаймын.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген болатын. Заң жобасын қарау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.

Рахмет!

Бөлісу