Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

21.01.2020 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті шақырылғандар!

Қаралып отырған «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын баяндамашы толығымен баяндап, ерекшеліктерін атап өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өзара ic-қимыл үйлестірудің маңызды құралдарының бірі.

Қазақстан осы ұйымға мүше мемлекеттерімен бipiгe отыра экстремизмге қарсы өзара ic-қимылды күшейтуге, олардың тиімділігін арттыруға күш-жігерін салады. Қаралып отырған заңның жобасы осы саладагы ынтымақтастықтың дамуын растайды.

 Заң жобасы әлем халықтарының және еліміздің қауіпсіздігі үшін өте қажетті. Оны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық нәтижелерге әкелмейді.  

Заң жобасы бойынша жұмыс тобының отырысы өткізілген болатын. Заң жобасын қарау кезінде туындаған барлық сұрақтарға жауаптар толығымен алынды.

Баяндалғанның негізінде, Заң жобасын қолдап, Бас комитетке оң қорытынды жолдауды ұсынамын.Қолдауларыңызды өтінемін!

Назарларыңызға рахмет!     

Бөлісу