Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Комитет отырысында қосымша баяндама жасады

07.04.2020 0

Құрметті Серік Рыскелдіұлы!

Құрметті әріптестер!

 

Сіздердің назарларыңызға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ұсынылып отыр.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында әзірленген.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының бірінші оқылымы                  2019 жылдың 11 желтоқсанында ҚР Мәжілісінің жалпы отырысында қаралды. Талқылау барысында депутаттар тарапынан айтылған пікірлер ескеріле отырып, заң жобасы одан әpi жетілдіріліп, 2020 жылдың 11 наурызында екінші оқылымы болды.

Заң жобасымен 10 кодекске және 20 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Ең маңызды өзгерістер - Азаматтық туралы және Көші-қон туралы заңдарына қатысты болып отыр.

Заң жобасын баяндамашы жан-жақты баяндап, бағыттарымен ерекшеліктерін атап өтті.

Заң жобасын қабылдаудың міндеттері көші-қон заңнамасын келесі бағыттар бойынша жетілдіру болып табылады:

- Қазақстан Республикасына келетін этникалық репатрианттар мен қоныс аударушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- ел экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сыртқы еңбек көші-қонының тиімді жүйесін құру, қолайлы инвестициялық ахуал жасау;

- халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, көші-қон процестерін реттеу саласындағы құқықтық базаны кеңейту және заңсыз көші-қонның жолын кесу.

Kөші-қон тек басқа елдерден келетін қандастарымызбен шектелмейді Ел ішінде де бұл жағдай үнемі қозғалыс үстінде.

Қазір «Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару» бағдарламасы бойынша оңтүстіктен, тағы басқа тұрғындар тығыз орналасқан өңірлерден солтүстік, орталық өңірлерге орналасып, сол жерлерді игеруге ниет білдірген азаматтар да шынайы қолдауға зәру.

Шет елдерден келетін қандастарымызға да солтүстк өңірлерге келіп, ата қонысты игеруге ел болып жұмылудың мемлекет болашағына маңыздылығын түсіндіру қажет екендігін ұмытпаған жөн.

Аталған заң жобасы бойынша менің ұсынысым бар, «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 1-бабы 13-тармағында «Оралман – тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында Қазақстан Республикасына келген және осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған, Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған этникалық қазақ және оның Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін оның шегінен тыс жерде туылған және тұрақты тұрған ұлты қазақ балалары» деген ұғым берілген, Заң жобасына сәйкес, «оралман» сөзінің орнына «қандас» атауы қолданылмақ.

Ал, Қазақстанда тұрып жатқан немесе белгілі бір себептермен шетелге қоныс аударған қазақтар бар, олар да - қандастар, сол себепті Отанға оралған қандас бауырларымызды - «оралған қандас», шет елге қоныс аударған қазақтарды - «шет елдегі  қандастар» деп атауды ұсынамын.

Сіздер ұсынысты қолдаған жағдайда, Бөліммен салыстырмалы кесте түзіліп Бас комитетке жіберілетін болады.

Назарларыңызға Рахмет!

Бөлісу