Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения

Новости

«Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференциясына қатысты

25.08.2020 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Сейітжанұлы Құртаев, Түркістанда өткен, Талантты қаламгер, «Түркі әлеміне қызметі үшін» сыйлығының иегері Мархабат Байғұттың 75 жасқа толған мерейтойына арналған «Түркілер төрі Түркістан» атты халықаралық онлайн конференциясына қатысты. Сонымен қатар, шараға Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстанның алты өңірінен атақты ғалымдар, танымал ақын-жазушылар мен белгілі тарихшылар, журналистер мен мәдениет саласының мамандары қатысты. 

Шараны облыстық әкімдіктің Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және 

Қазақстан Журналистер және Жазушылар Одақтары Түркістан облыстық филиалдары ұйымдастырды.

Шарада сакралды жерлерді жан-жақты зерттеп жазып, тарихтың тереңіне үңілген қазақ әдебиетіндегі классик жазушысы Мархабат Байғұттың «Түркілер төрі Түркістан» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтті.

Конференция соңында «Түркістан туралы жыр» айтылып, арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілді.

Бөлісу