Нұрлан
Наурызұлы
Туған жылы: 01.06.1971 ж.
Туған жері: ҚазКСР, Талдықорған облысы, Талдықорған қаласы
Отбасы:
Жолдасы: Қылышбаева Назгүл Малхайдарқызы
Балалары: екі ұл, бір қыз
Тілдерді білуі: Қазақ, орыс
Білімі: Қазақ ауылшаруашылығы институты, орман шаруашылығы инженері;
Д.А.Қонаев атындағы гуманитарлық институт, құқықтану, заңгер.
Еңбек жолы:
Талдықорған орман шаруашылығының аңшаруашылығы өндірістік бірлестігі бөлімінің жетекші инженері (1994-1996)
Алматы облысы Ішкі істер басқармасы қылмыстық істер бөлімінің жедел уәкілі (1996-1997)
Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999)
Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім басшысы (1999-2003)
Жамбыл облысы мемлекеттік сатып алулар басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004)
«Жігер» ААҚ төрағасы, Алматы қ. (2004-2010)
Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (2010-2013)
Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016)
Партияға тиесілілігі: «Нұр Отан» партиясының мүшесі
Мемлекеттік наградалары: «Құрмет» ордені, мерекелік медальдар
Сайланбалы қызмет, депутаттығы: Алматы облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (01.07.2016 ж., 29.06.2017 ж. қайта сайланған), Қаржы және бюджет комитетінің хатшысы.