Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 – 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» және «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша ҚР Парламент Сенатының отырысында қосымша баяндама жасады.

04.04.2019 0

кҚұрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

 

Құрметті әріптестер!

 

         Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықты кең ауқымды әлеуметтік қолдаудың негізгі қадамдарының бірі аз қамтылған отбасыларды қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің қосымша механизмдерін енгізу болып табылатынын айтқан болатын.

         Атап айтқанда, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
         Халықтың осы санаты үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру екі бағытта жүзеге асырылатын болады.
         Біріншісі – сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үйлерді салу және қайта қалпына келтіру, бұл жыл сайын 6000 пәтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
         Жалпы, 2019 жылдан бастап 2025 жыл аралығында 40 мыңға жуық жалдамалы пәтерлер салынады, негізінен бұл 28 мың аз қамтылған көп балалы отбасыларға тұрғын үй беру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Осы мақсаттарға жыл сайын 50 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр және қаржыландырудың жалпы көлемі 350 млрд. теңгені құрайды.
         Екінші- аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасыларды және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар ретінде "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғам арқылы жылдық 2% - бен 20 жылға дейінгі мерзімге алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздарын беру жолымен жеңілдікті несие беру тетігі енгізілетін болады.
         Осы мақсаттар үшін 3 жыл ішінде жыл сайын республикалық бюджеттен 50 млрд.теңгеден бөлінетін болады және осы тетікті іске асыруға тұтастай алғанда 150 млрд. теңге талап етіледі. Нәтижесінде жеңілдік несиелерін шамамен 33 мың аз қамтылған отбасы ала алады.
         Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру қажеттілігімен қатар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік инфрақұрылымды жақсарту бойынша да міндеттерді қойған болатын.
         Осы бағыттағы міндеттерді шешу үшін 2025 жылға дейін тұтастай алғанда шамамен 920 млрд.теңге бөлінетін болады, бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға және қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
         Қазіргі таңда, өңірлік инфрақұрылымды дамыту үшін республикалық бюджеттен жалпы 441,3 млрд. теңге бағытталатын болады. Оның ішінде жергілікті жолдар желісін дамытуға – 115,4 млрд. теңге, сумен жабдықтауға, су бұруға және су шаруашылығына – 171,6 млрд. теңге, газбен жабдықтауға және электр энергетикасына – 88,9 млрд. теңге. 
         Қойылған міндеттерді шешу үшін қажетті қаржыландыру бүгін қаралып отырған 2019-2021 жылдарға арналған бюджет туралы заң жобасында көрсетілген.
         Баяндамашы мен қосымша баяндамашы осы заң жобасын қабылдау жөнінде ұсыныс енгізді, менде осы заң жобасын қолдаймын және әріптестерімді де қолдауға шақырамын. 
 
Назарларыңызға рақмет!
Бөлісу