Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша ҚР Парламент Сенатының отырысында қосымша баяндама жасады.

05.12.2019 0

Құрметті Дариға Нұрсұлтанқызы!

Құрметті әріптестер мен шақырылғандар!

 

Тиімді экономиканы құруда төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін емес шаруашылық жүргізуші субъектілердің дәрменсіздік жүйесіне, сондай-ақ бәсекеге қабілетті және келешекте рентабельділік деңгейге шыға алатын ұйымдарды қаржылық сауықтыру маңызды рөл атқарады.

Алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламентінің үшінші сессиясының ашылуында Еліміздің Тұңғыш Президенті- Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру қажеттілігі туралы атап өткен болатын.

Заң жобасы бизнестегі оңалту мен банкроттық рәсімдерін қолдану мүмкіндіктерін кеңейтуге және оларды жүргізу мерзімдері мен шығындарын қысқартуға бағытталған.

Жоқ борышкерлерді жоюмен қатар уәкілетті органға, ұзақ уақыт бойы мүлкі болмаған, қызметін жүзеге асырмаған, ал кредиторлық берешек сомасы 2500 айлық есептік көрсеткіштен (1-АЕК 2020ж-2 651тг) аспайтын әрекетсіз борышкерлерді оңайлатылған тәртіппен жою міндеті ауыстырылды.

Қаралып отырған Заң жобасына Қазақстан Республикасының 21 заңнамалық актісіне, оның ішінде 10 кодекс пен 11 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Баяндамашы өзінің баяндамасында айтып кеткендей;

Борышкерді банкрот деп тану үшін тұрақты төлем қабілетсіздігі, оңалту рәсімін қолдану үшін уақытша төлем қабілетсіздігі, сотта шешім қабылдау үшін борышкердің қаржылық тұрақтылығы туралы қорытындылар туралы ұғымдар енгізілді.

Жеке кәсіпкерлерге заңды тұлғалармен қатар оңалту рәсімін қолдану құқығы берілген.

Заң жобасы оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған:

- оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануға мүмкіндік беретін белгілерді анықтау үшін нақты заңнамалық критерийлерді белгілеу;

- қамтамасыз ету кредиторлардың құқықтарын қорғау, оның ішінде келісім шартты жарамсыз деп тану;

- тұлғалардың жауапкершілігін күшейту, нәтижесінде қаншама заңсыз іс-әрекеттері кәсіпорын банкрот болды;

- кәсіпорындарды қаржылық сауықтыру үшін жағдайларды жақсарту;

- борышкерлерді таратудың жеңілдетілген рәсімін жүргізу мүмкіндіктерін кеңейту.

Заң жобасының қабылданған нормалары және қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтаудың дұрыс құрылған әдістемесі, мүмкіндігі бар бизнеске төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге, оңалтуға, ал шығынды бизнесті -жоюға көмектеседі.

Заң жобасында сондай-ақ Салық кодексіне түзетулер қарастырылған, оған сәйкес шағын және орта бизнес субъектілері үш жыл мерзімге табыс салығын төлеуден босатылады. Бұл тапсырманы Қазақстан Республикасының Президенті              Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев " Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"  атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өткен болатын.

Бұл нормалар арнайы салық режимдерін қолданатын және шағын немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері деп танылатын тұлғаларға, оның ішінде бірыңғай жер салығын төлеушілер жатады.

Аталған субъектілер мынадай салықтарды төлеуден босатылады:

- корпоративтік (жеке) табыс салығы;

- әлеуметтік салық;

- бірыңғай жер салығы.

Заң жобасында көзделген бірқатар салық төлеуден босату шағын және орта бизнестің нығаюына, қарыз жүктемесін төмендетуге, жұмыс орындарын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне "Бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және (немесе) тиімсіз пайдалану"деген жаңа ұғым енгізілді.

Алайда, заң жобасы аталған бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті көздемейді.

Заң жобасы бойынша комитет жұмыс тобының 11 отырысын және Комитеттің кеңейтілген отырысын өткізді.

Сенаттың тұрақты комитеттерінен заң жобасының тұжырымдамасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар түскен жоқ.

Баяндалғанды ескере отырып, Қаржы және бюджет комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады.

 

Назарларыңызға рахмет!

Бөлісу