Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Өмірбаяны

Мұқаев
Ерболат
Рахметұлы

ӨМІРБАЯНЫ

Мұқаев Ерболат Рахметұлы 1961 жылы 8 желтоқсанда Орал облысы Фурманов ауданы, Фурманов ауылында дүниеге келген.

1980 жылы  Гурьев педагогикалық институтын, 1987 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғарғы комсомол мектебін бітірген. 2002 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік–технологиялық университетін тамамдаған. Физика пәнінің оқытушысы, саясаткер, экономист.

Жоғарғы оқу орынын тамамдаған соң еңбек жолын Фурманов ауданының (қазіргі Казталав ауданы) орта мектебінде физика пәнінің оқытушысы қызметінен бастаған. Облыстың комсомол және партия ұйымдарында жұмыс жасаған.

         1992-1996 жылдары Жалпактал аудандық статистика бөлімінің бастығы, БҚО Жалпақтал ауданы әкімінің орынбасары.

         1996-2005 облыс әкімдігінде аппарат жетекшісі қызметін атқарған. Облыстық жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау және еңбек басқармасының бастығының орынбасары болған.

         2005 жылдың қарашасынан бастап Орал қаласының әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

       2007 жылдан Батыс-Қазақстан облысы әкімінің аппарат жетекшісі лауазымында қызмет атқарған.

2008 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына сайланды. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау комитетінің мүшесі болды. 2011 жылдың қыркүйегінен бастап Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.

2008 жылы мемлекет алдындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасы  Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бұйрығымен «Құрмет» орденімен марапатталған.

           Марапаттар:

 «Маршал Жуков» – медалі;

«Әскери комиссариатқа 90 жыл» медалі;

2008 жылы 17 маусымда  «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медалімен;

«Мемлекеттік қызметке 10 жыл» медалімен;

2011 жылдың 16 желтоқсанында  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. 

2011 ж. ҚР Президентінің Алғыс хаты «Барыс» төсбелгісімен бірге табысталды.

2013 жылдың 13 сәуірінде «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Парламентаралық Ассамблеясы» медалімен марапатталған.

 

Жанұялы, екі баласы бар.