Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

2016 жылғы 4 қарашада сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Е.Мұқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесуге қатысты.

04.11.2016 0

2016 жылғы 4 қарашада сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Е.Мұқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың төрағалығымен Словакия Сыртқы және еуропалық істер министрі Мирослав Лайчакпен кездесуге қатысты.

Кездесу барысында Төраға Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылатын Еуропа Одағындағы Братиславаның төрағалығына жоғары баға берді. Төраға Словакияның Ұлттық кеңесі Қазақстан мен Еуропа Одағының арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялаған алғашқы еуропалық парламенттердің бірі болғанын ризашылықпен атап өтті.

Қ.Тоқаев Қазақстан Парламентінің қызметімен мейманды таныстырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 қадам» Ұлт жоспарында нақтыланған бес институционалды реформаларды заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету туралы айтты.

Тараптар екіжақты парламентаралық байланыстарды дамытудың келешегін талқылай келіп, екіжақты ынтымақтастық аясында оның маңыздылығына тоқталды.  

Сенат Төрағасы 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болу жөніндегі Қазақстанның бастамасына Братиславаның қолдауына сенім артатынын да айтты. «Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қолдау білдіру, превентивтік дипломатия, қақтығыстарды реттеу мен бітімгершілік, көші-қон, қоршаған орта - біздің басымдықтар болып табылады. Біз ядролық, энергетикалық, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешу жөнінде де жұмыс атқаратын боламыз», – деді Қ. Тоқаев.

 

http://10.1.1.66/kk/senate/press-center/article/24501

 

 

Бөлісу