Цвет сайта
Расстояние между буквами
Шрифт
Изображения
Навигация

Новости

сенатор Е.Мұқаевтың "Егемен Қазақстан" газеті тілшісіне сұхбаты - Дайындық тиянақты жүргізілуі тиіс

13.10.2017 0

Дайындық тиянақты жүргізілуі тиіс

 

13.10.2017

 

Осы күндері елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өз басым Мемлекет басшысының бұл бастамасын өте орынды әрі дұрыс деп санаймын.

Ал енді Елбасының қатысуымен әліпбидің соңғы нұсқасын талқылағанда елдің, халықтың пікірі орынды ескерілгендігін көрдік. Өйткені алғашқы таныстырылған нұсқа мен соңғы ұсынылған үлгіге қарап, көптеген өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені байқалды. Әсіресе соңғы үлгіде әлемде кеңінен қолданыста жүрген нұсқаға жақындығы аңғарылады десек те болады.

Жалпы, латын таңбасына көшуіміз бізді және біздің болашағымызды әлемдік деңгейдегі өркениетке бір қадам болса да жақындата түседі. Сонымен қатар дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылған қандастарымыздың өзара түсінісуіне едәуір оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Сондықтан да біздің қазіргі қамдануымыз өте-мөте мұқият әрі тиянақты жүргізілуі тиіс.

 

Ерболат МҰҚАЕВ, Сенат депутаты


Толығырақ:
https://egemen.kz/article/159682-dayyndyq-tiyanaqty-zhurgizilui-tiis


            «Егемен Қазақстан» Жалпыұлттық республикалық газеті, No197 (29178) 2017 жылғы 13 қазан, жұма, 3-бетте.

 

 

 

Бөлісу